Мұрагерлік туралы түсінік және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2015 в 13:16, реферат

Описание работы

Мұрагерлік деп қайтыс болған жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаларға өтуін айтады. Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуымен ететін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға катысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болып отырған. Әмбебап құқықтың ауысуы ерекшелігіне қарай сингулярлық құқық ауысуымен ажыратылған. Алдыңғысы бойынша құқықтар мен міндеттерге бөлінсе, екіншісінде арнайы құқықпен ғана шектелген.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Мұрагерлік құқықтың ұғымдары мен түрлері.
2.2. Заң бойынша мұрагерлік.
2.3. Өсиет бойынша мұрагерлік.
2.4. Мұраның ашылуы мен қабылдау.
ІІІ. Қорытынды

Файлы: 1 файл

Zhanelya_kuk.doc

— 75.50 Кб (Скачать файл)

«Астана медицина университеті» АҚ

«Құқық негіздері  мен сот медицинасы» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы: "Мұрагерлік туралы түсінік және оның түрлері."

 

 

 

 

 

 

 

                     Орындаған: Алтынбай Ж.

Топ:115-ЖМ

Тексерген: Муканова А.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

    2.1.Мұрагерлік құқықтың ұғымдары мен түрлері.

    2.2. Заң бойынша мұрагерлік.

     2.3. Өсиет бойынша мұрагерлік.

    2.4. Мұраның ашылуы мен қабылдау.

ІІІ. Қорытынды 

IV. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мұрагерлік деп қайтыс болған жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаларға өтуін айтады. Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуымен ететін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға катысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болып отырған. Әмбебап құқықтың ауысуы ерекшелігіне қарай сингулярлық құқық ауысуымен ажыратылған. Алдыңғысы бойынша құқықтар мен міндеттерге бөлінсе, екіншісінде арнайы құқықпен ғана шектелген.

Мұрагерлік процесінен 2 кезенді байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.

Азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға беріледі. Көптеген әдебиеттерде мұра алғаш рет Ежелгі Римде «hereditas», — деп аталып, қолданылатын болған деген пікірлер бар. Ежелгі Римде мұра 2 жолмен жүрген: өсиет бойынша немесе (және) заң бойынша (егер өсиет қалдырылмаса немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны қабылдамаса).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Мұрагерлік құқықтың ұғымы , түрлері.

Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Қазақ отбасындағы көп балаларының ішінен кенже баласын ата-анасы қолында қалдырып, шаңырақ иесі деп есептейді.Осы кенже баланың тұратын үйін «Қара шаңырақ», деп атайды. Басқа балалары үйленіп, жеке отау тіккенде қара шаңырақтан енші алады. Қара шаңыраққа қазақ даласының жазылмаған заңы бойынша, әрқашанда үйдің кенжесі ие болып қалған. Отбасының үлкен балалары бөлінген еншіге көңілі толмай өкпелеуге барғанмен, қара шаңыраққа мұрагер болуға таласпаған. Салт бойынша кенже бауырын ата-аналарымен бірге қалдырып, өздері бөлек отау құрған. Бірақ жастары үлкен екендігіне қарамастан кенже бауырлары ие болып отырған қара шаңырақты ешқашан аттап өтпеген, әрліберлі жол жүргенде, алыс сапарға шыққанда қара шаңырақтан дәм татып, бата жасаған. Қазақтың бұл салты ағайын арасындағы мүлікке таласулардың, алауыздықтың болмауына бағытталған. Керісінше, ынтымақтастыққа, бірлік-берекеге шақырып, ауызбіршілікке тәрбиелейді. Қазақтың бұл салты біршама өзгергенмен, қазір де сақталған. Бұрынғы заманда әкесі көзі тірісінде балаларына енші бөліп, салт-дәстүр бойынша реттеп отырса, енді атадан балаға қалатын мирасты Азаматтық кодекстің баптары бойынша рәсімдеп, мұраға қалдыратын болды. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра екі түрде қалдырылады: заң  және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады.

Мұрагерлік құқық жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұрагерліктің негізгі объектісі – мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік,  азаматтардың жеке меншігі. Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік – бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егер де азамат қайтыс болған жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын,  ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен мұрагерлік құқық қайтыс болғанның мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық  даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым-қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыс та өзгереді. Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көзқарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып келеді, жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына.

Мұра қалдыру және өзге де қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір экономикалық құрылыстың өзі өндірістік күштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына соның ішінде мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әр түрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы басқалар.

Азаматтық кодесінің 1040-бабына сәйкес мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер кірмейді:

1) егер заң актiлерiнде немесе  шартта өзгеше белгiленбесе, заңды  тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2) өмiрiне немесе денсаулығына  келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;

3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын  құқықтар мен мiндеттер;

4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және  еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру  туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

5) мүлiктiк құқықтармен байланысы  жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар  мұраның құрамына кiрмейдi.

Мұрагерлік институты дамуының кезеңдері:

  • Цивильдік (ұлттық) құқық кезеңі
  • Преторлық эдиктілер кезеңі
  • Юстиниан заманына дейінгі императорлық заңнамалар кезеңі
  • Юнистиан дәуірі ( Новеллалары бойынша)

 

Мұрагерлік құқығының субъектілері:

  1. Мұра қалдырушы (кез келген адам бола бермеген, мәселен   әйелдер,қоластындағылар және құлдар)
  2. Мұрагерлер (әйелдер, ,қоластындағылар және құлдар)

 

Цивильдік (ұлттық) құқық кезеңі

І категория

ІІ категория

ІІІ категория

Балалары (өмір бойы қоластындағы тұлғалар) әрқайсысына тең үлестен бөлінеді.

Жақын агнаттар ( Бацырлар, қайтыс болушының анасы, егер ол әйел әкесімен кум ману некесінде тұрса)

Туысқандар ( отбасы мүшесіне кірмейтін, бірақ бір рудан шыққандар)



Мұраның түрлері

 

Өсиет бойынша  Заң бойынша

 

2. Заң бойынша  мұрагерлік.

     Заң бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі XII кесте заңына апарады. Заңда мұрагерліктің 3 кезегі реттелінген. XII кесте заңында І-ші кезектегілерге мұра қалдырушының қоластында саналатын балалары, алдында қайтыс болған балаларының балалары, яғни немерелері кірген. Бұлар «қажетті мұрагерлер» деп есептелетін. Егер «қажетті мұрагерлер» болмаған жағдайда мұраға өлген адамның агнаттық туысы шақырылған. Ол мұраны қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай сәтте құқық ауыстырылу жүргізілмеген. Егер мұра қалдырушының еш жақыны болмаса (І-ші және ІІ-ші кезектегілер) мұра ІІІ-ші кезектегі болып саналатын когнаттық (қандық) туыстарына өткен. Тек ІV-ші кезек ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне тиген.

 

3. Өсиет бойынша  мұрагерлік.

Рим құқында өсиет деп жеке тұлғаның тірісінде дүние-мүлкін мұра ретінде жазып кетуін айтқан. Егер өсиетте мұрагер көрсетілмесе, мұндай құжат ешқандай құқықтық нәтиже бермеген. Өсиетте мұрагермен қоса легатты, яғни жасөспірімге тағайындалған қорғаншыны келтіруге де болатын.

Өсиет — бір жақты мәміле саналған. Өсиет пен мұраны қабылдау үшін бөлек құқықтық акт жасалатын. Өсиет қалдыру үшін — жеке тұлғаның бедел өсиеттік қабілеттілігі талап етілетін (бұған әрекет қабілеттілігі жоқ, қылмыс үшін сотталған, жеке тұлғалардың кейбір топтары кірмеген).

Өсиет нысаны әр кезеңде әр түрлі болған, мәселен өсиет 7 куәнің катысуымен жасалатын, жазбаша нысанды сақтау міндет болып табылмаған. Ежелгі Римде мемлекет органдарының қатысуымен жасалатын жария өсиеттерді сот хаттамасымен немесе белгілі магистрат хаттамасымен жасауға болатын.

 

4. Мұраның ашылуы. Мұраны қабылдау.

Мұраның ашылуы мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін ашылған. Ашылған сәттен бастап мұрагерлер шақырыла бастаған. Мұра ашылғанымен архаикалық кезеңдерде қабылданбаған мұра (hereditas iacens — «жатып қалған мұра») иесіз мүлік жағдайына теңестірілген. Бүл жағдайда кез келген тұлға мұра ашылысымен заттарды кемінде 1 жыл аралығында иеленіп алса, меншік иесі болып саналған. Ал классикалық кезеңде «жатып қалған мұра» қайтыс болушының есебінде тұрған.

Мұрагер мұрасын қабылдаған кезде өз еркін тікелей білдірумен көрсетсе (цивильдік нормалар бойынша), кейінгі Юстиниан құқы және преторлық құқық бойынша өз жүріс-тұрысы арқылы (яғни мұраға байланысты әрекеті) байқатқан (мысалы, мұра қалдырушының қарыздарын төлеу т.с.с.).

Егер мұрагердің мұраға деген құқы танылмаса, ол мұраны қайтару туралы ерекше цивильдік талап қоюға құқы болған, мұндай талап ерекшелігіне қарай виндикациялық талапқа ұқсас болған. Егер мұраны қабылдаудан өсиет бойынша немесе заң бойынша мұрагерлер бас тартқан жағдайда онда иесіз қалған мұра болып есептелген. Ежелгі құқықта мұндай мүлік ешкімдікі емес, иесіз деп саналатын, яғни кез келген тұлға ерікті түрде қабылдап алуға құқығы болатын.

Азаматтық кодекстің 1044-бабына сәйкес мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының  тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Егер қайтыс болған адам құқық және міндеттерінің өлімінен кейінгі тағдырын белгілеп кеткен болса оған, өсиет қалдырушы дейміз. Осы орайда анықтай кететін жәйт, қайтыс болған, деп жарияланған соттың шешімі де адам өлімі салдарын (зардабын) туғызғандықтан осылай жарияланған жеке тұлғалар да мұра қалдырушы болады. Мұрагер болудың ендігі шарты лайықсыз мұрагер болмауы керек. Бұны мұрагерлік құқығымыз мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету тақырыбымен Азаматтық кодекстің 1045-ші бапта белгілеген. Аталған баптың 3-бөлігінде балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны заң бойынша алуға құқығы жоқ екені анықталған. Осы мән-жайлар соттың растауын қажет етпейді және бұл үшін балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылу фактісінің өзі жеткілікті болып соттар лайықсыз мұрагерлердi мұрадан шеттету мәселелерін реттейтін АК-нің 1045-бабының нормаларын негізінен дұрыс қолданады. Лайықсыз мұрагерлерге өсиет бойынша да, сондай-ақ, заң бойынша да мұрагерліктен  шеттетуге болатын, мұра қалдырушыны немесе мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған, мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруына кедергi келтірген және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдарды жатқызуға болады. Бұл мән-жайлар сот арқылы расталуы тиіс.

Мұра қалдырушыны күту жөнінде заң күшімен жүктелген міндеттер орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ (ҚРАК-тің 1045 бабының 3-тармағы). Ата-аналардың балаларына қарсы міндеттері «Неке және отбасы» туралы Заңның 62-64-ші баптарда, ал кәмелетке толған балалардың ата-аналарына қарсы міндеттері аталған заңның 131-ші бабында айтылған. Осы және тағы басқа заңдарда айтылған міндеттерді орындамағандар жоғарыдағы тәртіппен заңды мұрагер бола алмауы әбден мүмкін. ҚР АК-тің 1045 бабында айтылған лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттеу ережелері міндетті үлесі бар мұрагерлерге де қолданылады.Құқығымызда сол сияқты, заңды мұрагерлерді мұра қалдырушы өсиетімен еш себебін көрсетпестен мұрадан айыруы мүмкін. Мұнда міндетті үлесі бар мұрагерлер міндетті үлесін талап ете алады. Бұлайша мұрадан айыру, өсиетте өзгеше көзделмесе, негізгі заң бойынша мұрагердің ұсыну құқығы бойынша мұрагерлерінің мұрадағы құқына әсер етпейді. Бірақ мұра қалдырушы мұрадан айыру өсиетінде мұрадан айрылған мұрагердің үлесіне өсиет бойынша мұрагер тағайындаса немесе мұрадан айрылған заңды мұрагердің ұсыну кұқығы бар мұрагерлерінің де мұрадан айрылғандығын айтса ұсыну құқы бар мұрагерлер де мұрагер бола алмайды.

Біздің мұрагерлік қүқығымызда заңды мұрагер мұра қалдырушыдан бұрын қайтыс болғанда ғана ұрпағы ұсыну құқығы бойынша мұрагер бола алады (ҚР АК 1067/1). Яғни заңды мұрагер лайықсыз, шеттетілген, бас тартқан мұрагер болса, оның ұсыну құқығы бар балалары ұсыну құқығы бойынша мұрагер бола алмайды. Себебі біздің мұрагерлік құқығымызда балалары негізгі мұрагерді ұсынғандықтан, негізгі мұрагер мұра қалдырушыға мұрагер болу құқығын жойса оның баласының оны (мысалға әкесін) мұрада ұсыну құқынан сөз етуіміз мүмкін емес. Мүның тек айрықша жағдайы, мұрагерлерді мұрадан айыру (ҚРАК 1046/4), осылайша мұра қалдырушының өсиетінен өзгеше туындамаса, ұсьну құқы бар мұрагерлер, негізгі мұрагерді ұсынып мұрагер бола алады.

Егер өлді деп жариялаған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олардың мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді. Мұрагерлік құқықта мұраның ашылған жерін анықтау үлкен роль атқарады. Мұраның жері-мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрған жері, ал егер түпкілікті тұрағы белгісіз болған жағдайда, мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің тұрған жері – мұраның ашылған жері деп танылады. Мұра қалдырушының тұрақты мекен-жайынан уақытша кетуіне байланысты: мысалы, әскери қызметіне оқуға, жұмыс жағдайына іс-сапарына кеткеніне, емдеу мекемесіне орналасуына, бас бостандығынан айыру орнына қамалуына байланысты және тағы басқа да жағдайларда-мұранын ашылған жері болып, оның соңғы түпкілікті тұрағы есептеледі.

Информация о работе Мұрагерлік туралы түсінік және оның түрлері