Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2016 в 08:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Сондықтан да тарих сабақтарында жаңа технологияларды ұтымды пайдалану бүгінгі заман талабына сай жауапкершілікті қажет етеді. Оқушының білімге деген құштарлығын қалыптастыру қазіргі таңда тек қызығушылыққа негізделген оқу жоспарын жаңаша жоспарлау мектеп мұғалімінің шеберлігін шыңдайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

І ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ...........................
1.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, зерттелуі және өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................................
1.2 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың педагогика- психологиялық негіздері.....................................................................
1.3 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму
мониторингі..............................................................................................................

ІІ ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.........................................
2.1. Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану....................................................................................................
1.3 Деңгейлеп саралап оқытудың тарих сабақтарындағы тиімділігі...................
2.3 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының алатын орны мен нәтижелері.................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................

Файлы: 1 файл

дипломака.doc

— 326.00 Кб (Скачать файл)

Барлық оқушы өз қызметін бірінші деңгейдің тапсырмаларынан  бастайды.

Әр жаңа тақырып  бойынша  жасалған  деңгейлік  жұмыстардың  төрт деңгейге бөлінуі, үй жұмысын  жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі тақырыпты  меңгерудегі  төртінші  деңгейлік  тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес  құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық сабақ үстінде орындап бітіруге  барлық оқушылардың  мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан олар  өз бетімен  немесе сабақтан тыс  уақытта  мұғалімнің  көмегімен  аяқтауға беріледі.

  • Бірінші деңгейдің  тапсырмаларын  орындап үлгерген  оқушыларға  қалауы бойынша  екінші, үшінші  деңгейдің  тапсырмалары;
  • екінші деңгейдің  тапсырмаларын  орындаған  оқушыларға  қалауы  бойынша оданда жоғары  деңгейлік  тапсырмаларды  жалғастырып  орындай беру;
  • т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру  тапсырылады.

Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады. Осылайшы, сыныптан тыс уақытша оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндерінің әр тақырыбы бойынша жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуына мүмкіндік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен оқушы орындай алады. Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндерінің әр тақырыбы бойынша жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуына мүмкіндік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарында қасиеттерінің ашылуына жағдай жасалады.

Деңгейлеп саралап оқыту нәтижесінде төмендегідей табыстарға қол жеткізуге болады:

– әр тақырыптың 1-деңгейінің тапсырмаларын міндетті түрде және дұрыс орындаған үшін «зачет алу арқылы, әр оқушы барлық пән бойынша 100 пайыз үлгеруіне кепілдік алады;

– әр тақырып бойынша қорытынды баға оның әлі келгенше еңбектеніп жинап алған ұпайына сәйкес қойылады;

– Оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететін саласынан дарынын ашуға жағдай жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Тарих сабақтарында  деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың педогоика-психологиялық негіздері

 

Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының ұтымды жері - оқушылардың өздігімен білім алу мақсаты.

Технологияның ізгілендіру принциптерін сақтаған жағдайда, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыруға болады.

Педагогика – психологиялық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы тәрбие мен білім беруі тәуелсіз, яғни тез жүзеге асады дейді. (Э. Мейман, А.Ф. Лазурский,                     Ж. Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, «баланың дамуының соңында бірге жүредің (Л.С. Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл кезде оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.Д. Ушинский,                            П.П. Блонский, Л.С. Выготский). Л.С. Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда  «баланың дамуының ең жақын болашағынаң сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: «дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып табыладың. Сондықтан тәрбиенің ең маңызды тәсілі – табиғи бейімділіктердің жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы баланың соған сай қызметін арнайы ұйымдастыру.

«Баланың дамуының ең жақын аймағынң сөз ете отырып,                            Л.С. Выготский оқушының тапсырманы өз бетінше орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: Оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды, ары қарай оған орай мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуына дем береді.

Бұл яғни, қазіргі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясындағы тапсырмалардың жеңілден ауырға қарай ауысуына сәйкес келеді.

Тарихты оқытудың психологиясын негіздеу пәнді оқытудың тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді.

«Қазақ тілін оқытуда лингвисканың, психологияның, педагогиканың, педагогиканың жетістіктері басшылыққа алынуы тиіс. Себебі бұларға сүйенбеген жалаң әдістеме ешқандай жетәістікке жете алмайдың дейді ғалым А. Сәтбекова [3;27-б].

Деңгейлік тапсырмалардың психологиялық ерекшеліктері неде? Деңгейлік тапсырмаларды былайша көрсетіп, олардың әрқайсысының психологиялық ерекшелігіне тоқталайық.

 

Деңгейлік тапсырмалар


 

 

 

 

Оқушылық         Алгоритмдік        Ізденімдік     Шығармашылық

    деңгей                 деңгей                  деңгей                  деңгей

 

 

Деңгейлік тапсырмалардың түрлері психологиялық тұрғыдан әр түрлі болып келеді.

Оқушылық деңгейдегі тапсырма, жаттығулар оқушыға бірден әсер етеді, оперативтік есіндегі білім мазмұнын қорытуын, талдауын, жинақтауын мүмкін етеді және қажет етеді.

Алгоритмдік деңгейдің психологиялық ерекшелігі бұл деңгейдегі тапсырма, жаттығулардың алғашқыдан гөрі кеңейтілген, "оперативтік ес" пен "ұзақ уақыттық жадының" ара байланысы түзіледі. Оқушы жадынан есіне түсіретін білім мазмұнын іріктейді, өзіндік шешім іздейді. Түрлі альтернативтер санада салыстырылады. Өзіндік шешімге келуге немесе басқа шешіммен келісуіге қажетті ой операциялары жүргізіледі.

       Ізденімдік  деңгей – психологиялық жағынан  ерекше деңгей, себебі оқушының  алдында оқу міндетін шешу  белсенді түрде алға қойылады.           Проблемалық тапсырма, жаттығуларды орындау барысында оқушының ең алғашқы деңгейге қарама-қарсы талаптарды жүзеге асыру механизмдері іске қосылады. Ізденімдік деңгейде жағдайды шешу тапсырмалары басым болып келгендіктен, ондағы ойлау ерекшеліктері де соған бейімделеді.

Шығармашылық деңгей - оқушының интеллектуалдық ойлау дәрежесінің биіктегенін дәлелдейтін деңгей. Шығармашылық деңгейде оқушының шығармашылық ойлауы, шығармашылық қабілеті оның тілден алған біліміне сүйене отырып дамытылады. Шығармашылық деңгейдің психологиялық тағы бір ерекшелігі мұндағы тапсырмалар мен жаттығулар алдыңғы деңгейлерден гөрі кең әрі таратылып беріледі. Шығармашылық деңгейдегі тапсырманы орындатуда мұғалім оқушыға мынаны ұғындыруы тиіс: бұл деңгейде оқушы өз-өзінің ойлау тұнығына бойлап, өзінің ойындағы бар мүмкіншілігін, қабілетін жан-жақты сыртқа шығаруы міндетті. Шығармашылық дегенді өнерге байланысты ғана түсінбеу керек. Оқушының сыртқы тілі мен ішкі тілінің дамуында шығармашылық тапсырмалар, жаттығулар үлкен орын алады. Ішкі тіл дегеніміз дыбыссыз тіл, сөзсіз формада өтетін "жасырын тұрған" ойлау, өз-өзімен және өзі үшін ойлау [46].

Шығармашылық деңгейдің маңыздылығы ішкі ғылыми тілдің қалыптасуын мүмкін ете алуында. Шығармашылық қабілеті жетілдіріліп, шығармашылық ойлауы қалыптасуы үшін арнайы мақсаттар қойылып, сол бағытта әдістер түрлілігі мол болуы керек.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жүзеге асырылатын әрекеттер:

  • интеллектуалдық іс-әрекеттер;
  • ойлау операциялары (талдау, жинақтау жіктеу, т.б.);
  • тіл таңбаларын қолдану;

Әр деңгейдің алдына қоятын мақсаты, міндеті болатыны белгілі. А.Н.Леонтьевтің айтуынша, міндет дегеніміз — белгілі бір жағдайға сәйкес нақтыланып отырған мақсат. Оқу міндеттерінің шешілу барысына қарай оқушының да психологиялық жай-күйі өзгеріп отырады. Оқу әрекеті оқу міндеттерінің жинақталған жүйесі десек, деңгейлік тапсырмалар жүйесі бірте-бірте өсіп отыратын оқу міндеттерінің көрінісі болып келеді.

Оқушының ой-санасын дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмаларды қолдануда белгілі бір психологиялық бағыт-бағдар алынады. Яғни, психология ғылымының соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, оқушылардың ғылым негіздерін меңгеруін ұйымдастыруда П.Я.Гальпериннің ақыл-ой қызметін сатылап ұйымдастыру теориясы негізге алынады.

Қазіргі уақытта білім берудің мәлімет беру-түсіндіру түрінен оқушының өз бетімен іздену әрекетін ұйымдастыру түрі белсенді қолданылып жүргендіктен, оқушының деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы ойлауы дамуы да белсендіріліп келеді. Психолог-ғалымдардың айтуынша, оқушының дүниетаным барысында бірінші орында сезіну тұрады. Сезіну сыртқы тітіркендіргіштен де туындайды, ішкі тітіркендіргіштен де туындайды (ішкі организм ерекшелігі, жүйке жүйесі, т.б.). Оқыту барысында осы сезінудің көру және есту түрлеріне әсер ету көп жүзеге асырылады.

Егер сезіну барысында адам танылуы тиіс обьектінің белгілі бір қасиеттері туралы мәлімет алатын болса, қабылдау сол обьектінің тұтас бейнесін жасайды. Қабылдау дегеніміз адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету барысында обьектінің түрлі жеке-жеке қасиеттерінің бір жинақталғанын танытатын психикалық процесс [33]. Қабылдаудың өзіндік қасиеттері мынадай болып келеді:

  1. тұтастық;
  2. константтық (салыстырмалы түрдегі тұрақтылық);
  3. құрылымдылығы;
  4. түйсіктілігі;
  5. талғампаздылығы.

Оқушы тапсырмада беріліп отырған мәннің болмысын қабылдауы барысында осы процестер жүріп жатады. Сондықтан тіл бірлігін оқыту барысында оны тұтастық ретінде тануға мүмкіндік беретін белгілерін үйрету керек. Ал белгілер арқылы қабылданған обьектінің константтық түрге енуі сөздің тура және ауыспалы мағынасы туралы тақырыпты оқыту барысында байқалады. Мысалы, Ол бір жүрген түлкі ғой деген сөйлемді алсақ, осы сөйлемге екі түрлі сұрақ қойып, бір формадағы жауап алып, ол екеуінің екі түрлі екенін танып, соның өзі қабылдаудың константтық түрі екенін анықтай алуға болады. 1-сұрақ. Ана жүгіріп жүрген не аң? 2-сұрақ. Қайрат қандай адам?

Оқушының зейінін дамыту оқу барысының міндеті болып табылады. Қабылдау жүзеге асуы үшін қажет қасиет – зейін. Зейіннің барлық табиғаты оның талғампаздығында, берілген мәліметті игеруде саналы не санасыз түрде әрекет ету. Зейін сананың жеке тұлғаның белгілі бір обьектіге назар аударған уақыттағы бағыт-бағдары, назар тоқтатуы. Оқушының зейінін дамыту үшін, зейіннің көлемі, зейіннің бір жерге жинақылығы, бөлінетіндігі, тұрақтылығы, ауысып отыратындығы сияқты дербес қасиеттерін білу керек. Зейіннің мынадай түрлері бар: еркін зейін, еріксіз зейін (непроизвольный), еркіннен кейінгі зейін.

Оқушылардың зейінін сабақта басынан аяғына дейін ұстап отыру керек, ол үшін зейіннің түрлеріне қатысты тапсырма түрлері орындатылады. Оқушы зейінін еріксіз өзіне аудару үшін, тітіркендіргіштің жаңа болуы керек.

Қазақ тілін оқыту психологиясы қазақ тілін оқу пәні ретінде оқыту ерекшеліктерін талдау, екінші тілді күрделі оқу әрекеті ретінде меңгеру процесінің ерекшеліктері.

Оқушыларға қазақ тілін деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы қарым-қатынас психологиясы болып табылады. Яғни қарым-қатынас әрекетіндегі сөйлеуші адам және тыңдаушы адамдардың санасы мен сезім күйлері, эмоциясы. Қарым-қатынас жасауда әрекеттің үш түрі кездеседі: біріншіден, белгілі бір мақсатта хабар алмасу; екіншіден, әрекет жасау нәтижесінде өзара түсінісуі, үшіншіден, белгілі бір іс-әрекеттер жасауға түрткі болу.

«Түрткің ұғымының  мәнісін аша түсу үшін танымал психологтардың анықтамаларын алып қарайық. «Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Жеке адамды қандай да болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануың. [Қ. Жарықбаев. Психология. Алматы: 1193. 4;48-б]

 Іс әрекеттің психологиялық  тұрғыдан талдануында түрткі  және мақсат түсініктеріне үлкен  мән беріледі. Атақты орыс ғалымы  А.Н. Леонтьев «оларсыз болмайтындығынң атайды. [5;12-б]

Түрткісіз, мақсат-бағдарсыз әрекет болмайды. Түрткі әрекеттерге итермелесе, мақсат нақты қызметті белгілейді. Әрекет жасау үшін адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста болуы қажет.

Қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Психолог ғалымдардың пайымдауынша, сөйлеу адам әрекетінің бір түр. Ал әрекет  дегеніміз – түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Яғни психология іс-әрекеттің, оның ішінде сөйлеу әрекетінің психологиялық болмысын танумен шұғылданады, оқыту технологияларының тиімді жақтарын айқындауға мүмкіндік береді. Қандай да бір іс-әрекетті орындау барысында адам оған зейін қоюы, қабылдауы, қызығушылығы, ойлауы, есінде қалдыруы, қажет, әрекет үстінде ол қандай да бір көңіл-күйге, сезімге бөлінеді, көзқарас қатынасы т.б. қалыптасады. Хабарды қабылдау негізінде ой қорытындысын шығару механизмінен қоса ес механиздері де қызмет атқарады, яғни іске қосылады.

Ең күрделі психикалық әрекеттердің бірі – ес. Бұл әрекеттің адам өмірінде  алатын орынын ерекше. Ес болғанда ғана адам дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей алады. Ес неғұрлым мол болса, ой да терең болады. Естің қызметі туралы оның жеке тұлғаның қалыптасуында алатын орны жайында көптеген ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Қазақ зияларыларының арасынан педагогика және психология ғылымдарының салалары бойынша  зерттеулер жазған Мағжан Жұмабаев «Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталадың [6; 85] дейді. Осылай дей келе, ол есті үш түрге бөледі: 1) көру есі, 2) есту есі, 3) қозғалу есі немесе мотор есі.

Информация о работе Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану