Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 17:37, реферат

Описание работы

Экономика жүйелерінің осы замандағы түрлерінің бірі – аралас экономика жүйесі. Аралас экономика жүйесінің басты ерекшелігіне келсек, мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтері нарықты экономиканың элементтерімен қатар қалыптасады және қандай да болмасын әлеуметтік-экономикалық даму негізін салады. Аралас экономика жүйесінің басты негізі – жартылай мемлекеттік, жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді. Мысалы, Швецияда, жалпы Скандинавия елдерінде аралас экономика жүйесі өткен ғасырлар бойы дамып келеді.

Содержание работы

Кіріспе:
Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
Негізгі бөлім:
Аралас экономиканың белгілері
Аралас экономикадағы мемлекет
Қорытынды:

Файлы: 1 файл

Аралас экономика.docx

— 22.24 Кб (Скачать файл)

Қазақстан-Ресей медициналық университеті

Ішкі аурулар пропедевтикасы курсы

 

 

 

 

 

СОӨЖ

 

Тақырыбы:Аралас экономика

 

                                                                          Орындаған: Ақмұрат А.Н

                                                                           Факултет: Стом

                                                                           Тобы: 104 Б

                                                                           Тексерген: Алманязова К.Н

 

 

 

 

 

 

Алматы 2015

 

Жоспар:

 

Кіріспе:

Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері

Негізгі бөлім:

  1. Аралас экономиканың белгілері
  2. Аралас экономикадағы мемлекет

Қорытынды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Экономика жүйелерінің осы замандағы түрлерінің бірі – аралас экономика жүйесі. Аралас экономика жүйесінің басты ерекшелігіне келсек, мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтері нарықты экономиканың элементтерімен қатар қалыптасады және қандай да болмасын әлеуметтік-экономикалық даму негізін салады. Аралас экономика жүйесінің басты негізі – жартылай мемлекеттік, жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді. Мысалы, Швецияда, жалпы Скандинавия елдерінде аралас экономика жүйесі өткен ғасырлар бойы дамып келеді. Соның негізінде осы елдерде аса жоғары деңгейде әлеуметтік-экономикалық даму қамтамасыз етіліп, нақтылы өмір жүзінде көрсетіліп отыр. Аралас экономика жүйесінің нұсқасы, механизмі негізінде – тұрақты капиталдың, онда ең бірінші инвестициялық процесс арқылы, немесе өндіргіш күштерді толық пайдалану арқылы халық шаруашылығын өркендетуде, жалпы экономиканы өрлеу деңгейінде тұрақты өсіруде, күрделі қаржыны экономикалық тұрғыдан тиімді пайдаланып, барлық халық шаруашылығының потенциалын, әлеуметтік сапасының салаларын құрып, іске қосып жұмыс істету - өндіріс пен экономиканы өркендету. Осындай негізде, осы кездегі нақтылы өмір жүзінде орын алып,ондағы жалпы өнім көлемінің өсімі ең жоғары деңгейге жетті. Салыстырмалы қосымша құн өндіру әдісін қолдану ең маңызды шара. Оның негіздері:

а) жұмысшының еңбек өнімін арттыру арқылы қажетті уақытын кемітіп, қосымша уақытын көбейту;

ә) өндірілген тауардың құнын, тауардың қоғамдық құнынан әр түрлі жолдармен кеміту нәтижесінде алынатын құнды арттыру;

б) жұмысшының жұмыс күнін ұзарту арқылы өндірілген қосымша құн.

Аралас экономика жүйесінің сипаттамасының қатарында басты мәселе – экономикалық нұсқаны құрудағы кезеңнің мазмұны болып келеді. Жоғарыда қаралған аралас экономика жүйесінің басты ерекшеліктері – осы экономикалық жүйеде жоспарлы экономикалық элементтер, үлгі механизмдер, нарықтық экономиканың методологиялық негіздері қалыптасады. Ол жүйеде бұл қатынас, әсіресе меншік үлесі, дәл, нақты үйлестіріліп, сол деңгейде олардың әлеуметтік-экономикалық даму, атап айтсақ, мысалы жүз жыл бойы Скандинавия елдері, оның ішінде Швеция мемлекеті осындай аралас экономика жүйесінің негізінде дамып, әлемдік деңгейде өркендеу, даму тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп келеді. Осы кезеңде аралас экономика жүйесінің элементтерін пайдалануда социалистік елдер де кездесіп отыр. Бұл жерде Қытай Халық Республикасын айтуымызға болады. Қазіргі жағдайдағы тәжірибеге сүйенсек, ол аса ірі әлем елдерінің біріне айналды. Экономикалық дамуы осындай жүйе механизмін қолданған осы және басқа елдерде жалпы дамуы аса жоғары дәрежеде болып келе жатқаны мәлім. Аталған жүйелердің ішінде ең жоғары деңгейдегі даму – аралас экономикалық жүйесі, яғни жартылай мемлекеттік және жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді.Қандай да болмасын экономикалық нұсқаны құрғаннан кейін, оның шынайы күнделікті өмірде экономикалық даму деңгейін салыстырмалы түрде айналуы, жалпы экономикада кіріс пен шығыстың деңгейін шығару, теңестіру болып келеді. Ондай теңестіру осы көрсеткіштердің жалпы техника экономикалық көрсеткіштердің экономикалық дамудағы барлық ресурстарды толық пайдалану негізінде жасалады. Экономикалық есептеу – талдауда экономикалық нұсқаны құрып, іске асыруда тұрақты әрбір кезеңде модульдерді қайта есептеп, түзетіп, жаңартып, өмір ағымымен байланыстырып отыру керек. Әсіресе, мынадай мәселелерге жауап беруге тиісті: қабылданған шешім бойынша; экономикалық нұсқа бойынша; өндірістік шаруашылық мекемелерде, ондағы еңбек өнімділігі жалпы табыс-кіріс, шығын, қорыта келгенде, жалпы пайда, таза пайда қаралады. Осындай мәселелерді шешу үшін және экономикалық нұсқаларды тұрақты экономикалық талдау – есептеу, тұжырымдау және шешім қабылдау қажет болады. Мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтерін нарық экономикасы жүйесімен қатар қалыптастыратын нақты негізде, олардың аралас жүйесі қалыптасып, қандай да болмасын елде даму негізін салады. Мұндай елдер жайлы жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.Жаңа заманда әлем елдеріндегі жүйелерді экономикалық теория тұрғысынан қарағанда, макроэкономика, оның жалпы ел экономикасы деңгейінде болатындығын және методологиялық негіз және сол деңгейде экономикалық көрсеткіштер жүйесі болады. Теория бойынша саясаттың экономикаға тікелей әсерінен саяси экономика – объективтік ғылым болып табылады.

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі – мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады. Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды. Мемлекеттік меншіктің пайда болуы – тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Олардың қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде «тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы».Жапония аталған шаралардан басқаларын да жүргізеді. Олар: «бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімді индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен анықталады». Жапонияның, мысалы индустриалдық дамуы жоғары және постиндустриялық жағдайына көшуі аныңырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.Аралас экономиканың мәнді бір сипаты – микро-мақро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады. Қарастырып отырған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы жекелеген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған фирмаларға ауысуы. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы – бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтың берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды,еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып тек қана, ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердің ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерді қамтуынан айқын білінеді. Олар тауарлы өндіріс заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделуінен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.

   Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болады. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болады, бірақ осының себебінен капиталистік өндірістің қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес.  Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орны табылмаған белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализмде емес, социализмде де емес десек, онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды. Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құбылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды бар екенін көрсетті. Сөйтіп экономистер ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамның өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің «ескертуімен» өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек: жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі – аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Әр түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-ң немесе ГФР-ң экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-ң, ГФР-ң экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-ң немесе ГФР-ң қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капитализмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гелбрейт «Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс» деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч.Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді:«Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі – бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өндірісті дамытудағы бірден-бір мүдде – сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды, оның дамуы үшін мемлекеттік реттеуді енгізу керек».

Тауардың өндіріс – аралас экономика, өйткені, мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасып, біреуінің заңдылықтары басқасына айналып жатады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі тауарлар заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі – аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Аралас экономиканың алғышқы көрінісі – экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу ретінде пайда болып, тек ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ол тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Осы тұрғыдан алғанда, экономика теориясындағы басты негіз, ол – қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздеріне айналады. Осы замандағы экономикалық қоғам өмірінің нақты шындығы – кәсіпорындарда өндірілген өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуы.

 


Информация о работе Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері