Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2011 в 10:40, реферат

Описание работы

Бұл мәселе былтыр Үкімет отырысында Премьер-Министрдің арнайы қарауына бірнеше мәрте жіберіліп, екі жыл бұрын Мемлекет басшысының жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қаралғаны да жайдан-жай болмаса керек. Осыдан кейін Ішкі істер министрлігінің қабылдаған қатаң шаралары жолдағы ахуалды жақсартуға едәуір мүмкіндік берді. Жүргізушілермен жүйелі атқарылған жұмыстың нәтижесі 2008 жылы көлік апаттарын 13,8 пайызға қысқартып (15942-ден 13739-ға дейін), қаза тапқандар саны 23,2 (1014 адамға), ал жарақат алғандар 13,5 пайызға (2551 адамға) азайған.
Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткішке көз жүгіртсек, елімізде 2058 көлік апаты тіркеліпті. Қайғылы оқиғаның салдарынан 398 адам қаза тауып, 2389-ы жарақат алған.

Содержание работы

1.Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары

2. Елімізде 2010 жылы жол-көлік оқиғаларының азаюы туралы мәліметтер

3Жол апатын болдырмау шаралары

4. Жол апаттарының азаюындағы фото және бейнекамералар ролі

5. Жол ережесін сақтау мәселелері

Файлы: 1 файл

Жол.doc

— 131.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

1.Жол  қозғалысы қауіпсіздігін  қамтамасыз етудің  мәселелері және  оны шешу жолдары

2. Елімізде 2010 жылы жол-көлік оқиғаларының азаюы туралы  мәліметтер

3Жол  апатын болдырмау  шаралары

4. Жол апаттарының азаюындағы  фото және бейнекамералар ролі

5. Жол ережесін сақтау  мәселелері

     

     Жақында «жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары» атты жиын өтті.«Дөңгелек үстелде» ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшылығының бастамасымен Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен жастар ұйымы, үкіметтік емес ұйым басшылары бүгінгі таңда белең алған апатты оқиғалардың салдарын тақырыпқа өзек етті. 
   2001-2007 жылдары автомобиль паркінің жедел артуы жол-көлік оқиғаларын да өсіріп жіберген. Осы алты жылдың бедерінде көлік апаты 31 пайызға артып (12,1 мыңнан 15,9 мыңға дейін), қаза тапқандар қатары екі еселенген, , 
   Бұл мәселе былтыр Үкімет отырысында Премьер-Министрдің арнайы қарауына бірнеше мәрте жіберіліп, екі жыл бұрын Мемлекет басшысының жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қаралғаны да жайдан-жай болмаса керек. Осыдан кейін Ішкі істер министрлігінің қабылдаған қатаң шаралары жолдағы ахуалды жақсартуға едәуір мүмкіндік берді. Жүргізушілермен жүйелі атқарылған жұмыстың нәтижесі 2008 жылы көлік апаттарын 13,8 пайызға қысқартып (15942-ден 13739-ға дейін), қаза тапқандар саны 23,2 (1014 адамға), ал жарақат алғандар 13,5 пайызға (2551 адамға) азайған. 
Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткішке көз жүгіртсек, елімізде 2058 көлік апаты тіркеліпті. Қайғылы оқиғаның салдарынан 398 адам қаза тауып, 2389-ы жарақат алған. Дегенмен, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол үстіндегі кездейсоқ жағдайлардың 8,5 пайызға кеміп, қазаға ұшырағандар қатарының 29,9, ал жарақаттанғандардың 6,9 пайызға азайғанын    аңғарамыз. 
    Жиын барысында тыңдалған келелі ойлар мен тың ұсыныстарды сүзгіден өткізген қатысушылар келешекте бұл бағытта бірқатар шешімнің қабылданатынын мәлімдеді.     

Оңтүстік  Қазақстан облысының жол-көлік апаттары туралы   

2008 жылдың 6 ай көлемінде Оңтүстік Қазақстан  облысында 1008 жол көлік оқиғасы  тіркеліп, 247 адам қаза болып, 1263 адам  әртүрлі дене жарақаттарын алып  емханаларға түскен. Былтырғы жылдң  осы кезеңімен салыстырғанда  (6 ай 2007 ж. 1246-242-1544) жол-көлік оқиғаларының саны – 19,1 пайызға жарақат алғандар саны – 18,2 пайызға азайған. Алайда қаза болғандар саны 2,1 пайызға өсіп отыр.           

 Шымкент  қаласы бойынша 452 жол-көлік оқиғасы  тіркеліп, 46 адам қайтвс болып, 519 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Былтырғы жылмен салыстырғанда оқиға саны – 15,7 пайызға және жарақат алғандар саны – 14,2 пайызға кеміген, ал қаза болғандар саны тұрақты күйде. (2007ж. 536-46-605)

                      Жол көлік оқиғаларының негізгі  себептері:

     - жылдамдықты асыру – барлық  тіркелген оқиғалардың 36,0 пайызы

    -          жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып кету 9,6 пайыз

    -          автокөліктерді мас күйде басқару – 2,0

    -          басқа себептер – 15,2

                           жол көлік оқиғаларының негізгі түрлері

     -жүргінші басу – 44,1

    -Соқтығысу  – 31,9

    -Аударылу  – 13,5

                    Жасөспірмдердің қатысуымен орын  алған ЖКО-ы

                                         2008ж 200-28-193

                                        2007 ж. 47-16-64

                    Жол көлік оқиғалары өсіп отырған аудандар:

                                         +Абай 13,3 пайызға 

                                        Арыс 4,2 пайызға

                                        Шардара 33,3 пайызға

                                        Кентау қаласы 33,3 пайызға

Тіркелген ірі ЖКО – ы: 4-26-10 (2-14-9)                                           

Анықталған  ЖҚЕ-н бұзушылық                    Салынған айыппұл соммасы

    2008 ж. 71049                                                          51 млн. 904 мың 982 тг.

    2007 ж. 91155                                                          64 млн. 380 мың 098 тг. 

    Өндірілгені

    28825909 тг.

    57560792 тг.                                                                              

                      Жүргізу құқығынан айрылған азаматтар саны

                             2008ж. 1000

                         2007ж. 735    
 
 

Елімізде 2010 жылы жол-көлік  оқиғалары азайды

    2010 жылы ел көлеміндегі жол-көлік  оқиғаларының саны алдыңғы жылдармен  салыстырғанда біршама кеміген. Тиісінше, жарақаттанғандар мен қаза болған азаматтардың саны да азайды. Жол полициясы басшылығының айтуынша, бұған негізінен, жолда жүру ережесі мен заңға енгізілген бірқатар өзгертулер себеп болған.  
 
  Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бүкіл республика жолдарында 11999 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның зардабынан 2795 адам қайтыс болды, 13875 адам жарақаттанды. Былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, жол апаты 4 пайызға, қайтыс болған азаматтардың саны 3 пайызға, жарақат алғандардың саны 6 пайызға төмендеп отыр. Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбековтың айтуынша, көрсеткіштердің жақсара түсуіне бірнеше себеп бар. 2006 жылы Елбасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, жол көлік қауіпсіздігі мәселесі де қаралып, қалыптасып отырған күрделі жағдайды түзеу үшін, бірнеше тапсырмалар берілген болатын. Оған сәйкес, қолданыстағы Заңдарға өзгерістер енгізілді. Ерекше атап өтері, көлікке ішімдік ішіп алып отырғандарға қатысты бап қатаңдатылды. 
  Қайрат Тыныбеков, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы: 
- Ең бірінші олардың құжаттарын айыру мәселесі, 2, 5, 7 жылға дейін, екінші оларды әкімшілік қамауға алу мәселесі және де кейбір жол ережесін бұзғаны үшін, штарфтардың мөлшерінінің жоғары болғандығы. Сол қабылданған мәселелердің арқасында мына бүгін 2007 жылмен салыстыратын болсақ, жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр. 
Бұған қоса, жол апаттарының азая түсуіне, соңғы жылдары жолдар сапасының артуы да себін тигізді. Әсіресе Астана мен Бурабайды жалғап жатқан 250 шақырымдық А-1 санатындағы алты жолақты тас жолды алар болсақ, 2007 жылы осы аралықтағы жол апатының саны 101 болса, биыл ол 31-ге дейін төмендеген. Қаза болғандардың саны да 65-тен 17-ге дейін азайды. Төрағаның айтуынша, қаза болған азаматтар 22 мен 40 жас аралығындағылар. Сонымен қатар, жол апаттарының азаюына фото және бейнекамералар да көмектескен. Қазір республика жолдарында 176 бейне камера оррнатылған екен. Жол апатының негізгі үш себебі бар. Олар жүргізуші, көлік және жолдың сапасы. Биылғы шілденің бірінен бастап, еліміз Еуро-3 стандартына көшпек. Бұл елімізге әкелінетін көліктерге де тікелей қатысты. Яғни, шілденің бірінен 2001 жылға дейін шығарылған шет елдік автокөлікті республикаға әкелуге болмайды. Көлік паркінің жаңара түсуі де, жол апатының азаюына сеп болар деген үміт бар. Ал оларды техникалық байқаудан өткізу, 2012 жылдан бастап, Көлік және коммунникациялар министрлігінің құзырына көшпек. Бұған қоса, 2011-дің соңы, немесе 2012-нің басында, жол жүру Заңы қабылданбақ. Ішкі істер министрлігінде құрылатын арнайы сараптамалық топ, заң жобасын әзірлеумен айналысады. Әзірге, заңның жұмсақтығы немесе қаттылығы туралы айту ертерек болғанымен, онда адам құқықтары ерекше ескерілетіні және жол бойындағы қауіпсіздіктің күшейтілетіні белгілі. Қалай болғанда да, басты рөлді жүргізушінің атқарарын ұмытпаған абзал. Көлік жүргізу, қозғалыс еркіндігін бергенмен, үлкен жауапкершілікті де міндеттейді.

Жақында облыс орталығында 2009-2012 жылдарға арналған еліміздегі адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының тұсаукесері болып өтті. Оған Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов, осы комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев және БҰҰ-ның Қазақстандағы резидент-үйлестіруші тұрақты өкілі Хаолянь Шу қатысып, сөз сөйледі. Олар жоспардың алдағы уақытта атқарар маңызы мен мақсаттарына тоқталды.

Алқалы жиынды ашқан облыс әкімі Б.Сағынтаев бұл құжаттың еліміздегі заңнама мен құқықты қолдану тәжірибесінде, адам құқықтары және оны қорғау тетіктерін жақсарту жөнінде нақтылықты көздейтін бағдарлама болып табылатынын айтты. Ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың 5-мамырында қол қойған қаулысымен мақұлданғанын атап өтті.

Ал Президент  жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Т.Әбішевтің сөзіне қарағанда, аталған құжат “Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы” баяндамалар нәтижесіне, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың әлеуметтанулық сауалнамаларына сүйене отырып жүргізілген зерттеулеріне негізделіп жасалған. Комиссия төрағасы С.Тұрсынов еліміз тарихында алғаш рет қабылданған “Адам құқықтарының сақталуы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары” Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді одан әрі демократияландыру бағытын берік ұстанған саясатының жемісі, деді. Ел Конституциясында: “адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміз үшін жоғары құндылық болып табылады” деп жазылған. Соған орай тәуелсіздік алған жылдардан бері атқарылған іс-шаралар адам құқықтарының сақталуы мен жалпы қоғамдағы барлық мүдде-мақсаттарымыздың орындалуын жүзеге асыруға арналғаны белгілі. Демек, еліміз адам құқықтары саласындағы міндеттемелерінен ауытқымай, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың осы бағытына қолдау көрсетіп келеді.

Бұл жоспарды әзірлеуге БҰҰ Даму бағдарламасы, еліміздегі Нидерланды Корольдігі мен Ұлыбритания елшіліктері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар үлес қосты. Еліміз мұндай жоспарды алғаш рет қабылдай отырып, оны ТМД аумағында алғаш рет қолданған да ел болып отыр. Сондықтан Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру Қазақстанға құқықтық мемлекет құруда, адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік және қоғамдық тетіктерін нығайтуда, жалпыға ортақ танылған халықаралық нормалар деңгейінде кемелденген азаматтық қоғам құруда жаңа бастамаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді, — деп атап көрсетті С.Тұрсынов. Және де еліміздегі сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс тетіктерін дамытуға, азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, және мәдени құқықтарын, соның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының құқықтарын халықаралық өлшемдер деңгейінде қамтамасыз ету баса көрсетілген.

Ал БҰҰ-ның еліміздегі резидент-үйлестірушісі Хаолянь Шу мырза өз сөзінде бұл жоспарды дайындаудан бұрын Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы толық зерттеулер жүргізілгенін, бұл үшін арнайы есептер әзірленгенін, ал, бұл жұмыс ұлттық жоспардың адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық нормаларына сай екендігіне орай талдауға мүмкіндік бергенін айтып өтті. Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Ұлттық жоспарды дайындау жөніндегі жұмыс тобы мүшелері халықаралық тәжірибені назарға алды. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрылуын және оның жұмысын белсенді түрде қорғады. Мен сіздердің елдеріңіздегі азаматтық қоғам мен Үкімет арасындағы диалогтың жаңа деңгейге көшуіне жақсы жағдай жасайтынына сенімдімін. Атап айтқанда, бұл Ұлттық жоспар Қазақстан Үкіметінің “Еуропаға жол” бағдарламасын жүзеге асыруда, және 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қарсаңындағы ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі Үкіметтің атқаратын жұмысында да маңызы өте зор деп білемін, – деді өкіл.

ЖОЛ АПАТЫН БОЛДЫРМАУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Жыл сайын  жол-көлік апаты мыңдаған адам өмірін қиып, орасан қайғы-қасірет әкеледі. Оған қарсы жасалып жатқан шаралар әзірге айтарлықтай нәтиже бермей тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері 251,6 мың жол апаты тіркеліп, онда 57 мың адам көз жұмды. 300 мыңға жуық адам жарақат алған. Сондықтан да бұл мәселе кеше Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасындағы жол қауіпсіздігінің жағдайы туралы кеңесте жан-жақты талқыланды.

Бұл кеңес Президент Әкімшілігінің жұмыс жоспарына сәйкес өтіп отырғандықтан онда жол қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы және ЖКО болдырмауға байланысты атқарылып жатқан шаралардың жай-күйі ортаға салынды. Кеңеске Бас прокурор, Жоғарғы Сот Төрағасы, Ішкі істер, ТЖ министрлері және бірқатар ведомстовалардың бірінші басшылары қатысты. Аталған мәселе бұдан бұрын Мемлекет басшысының қатысуымен де қаралған болатын. Соған орай онда әуелі Елбасының қойған талаптарының қаншалықты дәрежеде орындалып жатқандығы сараланды. Жағдайға байланысты алда тұрған күрмеуі қиын мәселелерді шешудің шаралары талқыланды. БҰҰ мәліметіне қарағанда, жыл сайын жол-көлік оқиғасынан әлемде 1 млн. 200 мың адам опат болады екен. Елу мыңға жуық адам түрлі жарақат алады. Сонда жалпы алғанда бұдан келетін шығын 50 млрд. доллардан асып жығылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша,  2020 жылдарға қарай әлемде жол-көлік оқиғасынан зардап шегу 65-70 пайызға артатын көрінеді. Сөйтіп ол жаһандық өлім себебінің арасында үшінші орынға көтеріледі деп күтілуде. Қазақстанда соңғы он жыл ішінде көлік саны екі есе ұлғайып, 3,2 миллионға жетті. Соған байланысты жүргізушілердің жол ережесін бұзу деректері де көбейіп кетті. Бұған тосқауыл қойылуы үшін 2008 жылы Қазақстанда алғаш рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін заң қабылданды. Осы орайда, жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылайтын инновациялық технологиялар енгізіле бастады. Астана, Алматы секілді ірі қалаларда қозғалыс режімінің шапшандығын бақылайтын 141 автоматты жүйе орнатылды. Үстіміздегі жылдан бастап берілген әкімшілік шаралар мен олардың орындалғаны туралы мәлімет сақтайтын біртұтас автоматтандырылған банк жүйесі іске аса бастады. Жүргізушілерді дайындау жөніндегі оқыту орталықтарының қызметін лицензиялау жүзеге асты.

Информация о работе Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары