Стенобионттық және эврибионттық организмдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2015 в 14:06, контрольная работа

Описание работы

1. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
2. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
3. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.

Файлы: 1 файл

экология 1.docx

— 28.32 Кб (Скачать файл)

Пойкилотермді және гомойтермді жануарлардың арасында аралық жағдайда гетеротермді жануарлар орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал тыныштық күйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды. Бұл жануарларда ұйқыға кеткен кезде зат алмасу деңгейі төмендейді де, денесінің температурасы қоршаған орта температурасынан аздап қана жоғары болады. Гетеротермді жануарлардың өкілдері ретінде – сарышұнақ, кірпі, жарғанат, аю, үйректұмсық, түрпітек, кенгурулар мысал бола алады. Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді. Анабиоз вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады. Анабиоз құбылысын алғаш рет бақылап, сипаттаған А. Левенгук (1701) болды.

Зерттеулер біртіндеп, баяу салқындаған кезде жасушаларда мұз кристалдарының түзілетінін, одан соң олардың жасуша қабықшасын бұзатынын көрсетті. Бірден, жылдам салқындағанда кристалдану орталықтары түзіліп үлгермейді де, шыны тәріздес құрылым пайда болады. Нәтижеде цитоплазма зақымданбайды.

Осылайша, терең, бірақ жылдам салқындау уақытша, қайтамды түрде ағзаның барлық тіршілік процестерінің тоқтауына әкеледі.

Анабиозды зерттеу әр түрлі криотехнологиялардың (грек тілінен аударғанда kryos – суық, аяз) дамуына жол ашты. Бұл әдіс биологияда, медицинада, ауыл шаруашылығында қанды сақтау, бактериялар мен вирустардың дақылдарын сақтау үшін қолданылады.

Температура жер бетінде ағзалардың таралуында маңызды фактор болып табылады. Осы арқылы ол тірі ағзалардың әр түрлі табиғат зоналарында мекендеуін қамтамасыз етеді.

1918 жылы А. Хопкинс биоклиматтық заңды тұжырымдады. Оның зерттеулері бойынша солтүстікке, шығысқа және тауға қарай тірі ағзалардың өміріндегі периодтық құбылыстар ендіктің әр градусы, бойлықтың 5 градусы, шамамен әр 100м биіктеген сайын 4 күнге кешігеді, яғни ол маусымдық құбылыстардың дамуы ендік, бойлық және теңіз деңгейі биіктігіне тәуелді екенін және олардың арасында белгілі бір заңдылық бар екенін көрсетеді.

Қазіргі кездегі ағзалардың таралуының маңызды заңдылықтарының бірі құрлық, теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің географилық таралуының биополярлығы болып табылады. Бұл заңдылық бойынша бір түр екі жарты шардың да салқын, қоңыржай ендіктерінде  мекендегенмен, тропиктік белдеуде кездеспейді (тіссіз киттер, құлақты түлендер және т.б.).

Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, балдырлар денесінің 96 – 98% – ын, шөптесін өсімдіктер жапырағының 83 – 86% – ын, мүктер мен қыналардың 5 – 7% – ын, былқылдақ денелердің 80 – 92% – ын, бунақденелілердің 46 – 92% – ын, қосмекенділердің 93%-ын, сүтқоректілердің 68 – 83% – ын су құрайды.

Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің, әр түрлі даму кезеңдерінде суға деген қажеттілігі әр түрлі болады.

Ол ауа райына, топырақ типіне байланысты. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі.

Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындарының өткізгіштігі маңызды рөл атқарады. Су режиміне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйетін және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.

Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді

1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда hydor, hydatos – су) – су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып тұратын (эллодея, тұңғиықгүл және т.б.).

2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hydor – су) құрлық – су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ).

3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда hydros – ылғалды) – ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папуротниктер), батпақтарда – батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.

4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos – орташа, аралық) – қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.

5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда heros – құрғақ) – құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар 2 – ге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

a) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulenuis – шырынды) – ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава);

ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros – құрғақ, қатты) – құрғақшылыққа төзімді, судың, буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:

1. Гидрофилдер – ылғал  сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың  былқылдақденелілері мен амфибиялар).

2. Мезофилдер – орташа  ылғалдылық жағдайыда тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).

3. Ксерофилдер – жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайты, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімдеелушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сүтқоректілермай қабатының тотығуы нәтижесінде пайда болған метаболиттік суды пайдалануға бейімделген. Метаболиттік судың есебінен көптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер: 

1. Оспанова Г. С., Бозшатаева  Г. Т. Экология. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2011. – 351 бет.

 

 

 


Информация о работе Стенобионттық және эврибионттық организмдер