Абай мен Көкебай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2016 в 10:41, реферат

Описание работы

Аудандық газеттің №39 санында жарияланған Көкебай болыс туралы естелікте Абай мен Көкебай туралы сыйластық қатынас болғандығы, соның бір айғағы Абайдың тікелей араласуымен Көкебайдың Семейдегі қамаудан босатылғандығы жөнінде айтылған еді. Ендігі айтылар мына бір оқиға сыйластықтың тағы бір куәсі болмақ.

Файлы: 1 файл

Абай мен Көкебай.docx

— 17.72 Кб (Скачать файл)

Абай мен Көкебай

Аудандық газеттің №39 санында жарияланған Көкебай болыс туралы естелікте Абай мен Көкебай туралы сыйластық қатынас болғандығы, соның бір айғағы Абайдың тікелей араласуымен Көкебайдың Семейдегі қамаудан босатылғандығы жөнінде айтылған еді. Ендігі айтылар мына бір оқиға сыйластықтың тағы бір куәсі болмақ.

 Біздің Ақсуат өңірі  Тобықты елімен сонау Өскенбай  заманынан бері құдандалы болып, араласып кеткен. Сол байланыс ел билігінде болған екі жақтың беделді адамдары арқылы жалғасып отырған. Оған Қисық хан мен Тана мырзаның Құнанбаймен байланысы, Қисықтың Жұмаханы мен Көкебайдың Абаймен байланысы дәлел бола алады

 Қисық пен Құнанбайдың  екеуі де бір кезде Көкпекті  мен Қарқаралы дуандарының  аға  сұлтаны болып,  осы қызмет  жағдайында қарым-қатынаста болған. Ал Тана мырза аға сұлтан  болмаса да өз ақылымен қабілетінің  арқасында ел билігіне қатты  араласқан. Сол арқылы үлкен беделге  ие болып, Құнанбаймен  жақсы қатынаста, сыйластықта болады. Бұл екі адамның  ара қатынасы ел аузында айтылып, баспасөзде жазылып жүр.

  Тана мырза мен  Құнанбай арасындағы байланыс, қатынас  жөніндегі басқалардың айтып  жазғанын  былай қойғанда атақты Әлкей Марғұлан «Құнанбайдың әкесі Өскенбайдың Көкшетаудағы асын Арғыннан Қаракесек Тәттімбет  пен Найманнан Мұрын Тана басқарды» деп жазған еді. (Қазіргі Қарқаралы, Абыралы ауданы жерінде Көкшетау деген жер бар)

  Қазақтың үш жүзіне  сауын айтқан, Орта жүздің атынан  беріліп отырған Өскенбай асы  сияқты атақты асты ың-шыңсыз  басқару осал адамның қолынан  келе бермес. Бұл жерде Құнанбайдың  Орта жүздің ең мықты атасы-Арғын  мен Найманнан Тәттімбет пен  тананы таңдауы де тегін болмас. Осының өзінен ақ Құнанбай  мен Тана арасындағы байланыстың  болғандығын көруге болады.

 Екі ел арасындағы  осындай қатынас одан кейін  Абай тұсында да үзілмей, ары  карай жалғаса түскен. Қисық пен  Құнанбай арасындағы байланыс  Жұмахан  мен Абай тұсында құндылықпен ұштасып, Абайдың Ақылбайына Жұмаханның қызын айттырған.

 Ал Көкебай мен Абай  арасындағы қатынас бұрынғылар  сияқты ел билігіне араласудан туған. Екеуі де ел билігіне қатар келіп және сол билікке көп уақыт араласқан. Осы ұзақ билік кезінде  екеуі де айтыс –тартысты көп көрген, талай рет жиын сыяздарға бірге қатынасқан. Тіпті екеуі де үкіметтің тергеуі мен қамауын бастан өткізген. Міне осындай жағдайларда жүріп бір-бірімен жиі кезігіп, пікірлес болып, ақыры ол қатынас жақсы сыйластыққа жалғасқан.

  Көкебай ұзақ жылдар  болыс болумен бірге мал – дәулеті мол болған адам. Ұзақ малдарын Қаратуға  қыстатып, көп жылқысын жылы жаққа шипалы сонау Алакөл маңына да отарлатып жүрген. Ол малды айдап, бетіне қарап, соған тоқмейілісіп жүретін  қазақтың кейбір байларындай болмаған. Көкебай Семей мен басқа қалалардың базарлары мен жәрмеңкелеріне де малдарын үйірлеп айдатып, пұлға айналдырып отырған. Әсіресе Қоянды жәрмеңкесіне де малдарын үйірлеп айдатып, пұлға айналдырып отырған. Әсіресе, атақты Қоянды  жәрмеңкесіне де қатынасып, жәрмеңке басына үй тігіп, бие байлап өзі бір ауыл болып отырған. Қоянды басындағы сауда өз алдына, жәрмеңкенің ойын-сауығының өзі бір қызықты думан. Көкебай жәрмеңкенің осы қызығының бәріне араласып, малдарын базарлап, керек жарағын алып қайтатын болған.

    Сол Қояндыдығы  барар- қайтр жолда ол кісі  Абай ауылына соғып жүреді екен. Жәрмеңкеден сондай бір қайтар жолда  Абай ауылына конған күні мінген атының арқасына ыстық шығып қалады. Оны естіген Абай ауыл адамдарына «Көкебайдың атын атшысы жетектеп алар, ол кісіге бір жарақты ат дайындаңдар»- деп тапсырма береді.

    Бұл жай Көкебайға  бұрын айтылмайды да аттанарда атшысынан естиді. Сол жерде ат ағаштағы ерттеулі тұрған атқа Көкебай көңілі толмаған сыңай білдіріп:

-Бәле, Абайдың мына аты  мені көтере ме, болмаса мұны  мен арқалаймын ба? Мына өзінің  Тобықтысының, анау Керей мен  қалың Байыстың ауылдарының үстінен өткенде осы атты Абай мінгізіп еді деп қалай көрсете аламын,-деп өз атшысына қарап «Ана аттағы ертоқымды ал да, жүгенін сыпырып қоя бер, арқасына ыстық шықпақ тұрғой ойылып қалса да өз атымды ертте»-деп бұйырғанда дауысы қаттырақ шығып кетеді.

  Сол кезде Абай  да бөгелмей өз жігіттеріне 

  -«Анау желі басында үйездегі жылқының ішінде тұрған менің Кератымды әкеп, Көкеңе ертеп беріңдер»-деп  тапсырма беріпті.

   Осы оқиғаны Көкебай  әңгімелегенде «Маған алғашқы  дайындағаны да толымды, жарақты  ат еді. Абайды қайтер екен, сынайын  деп айтып едім. Мені құрметтегендіктен  өзінің тақымына басқан атын  ерттеті ғой. Қайран сабаз, өйтпесе  ол Абай болама !»-деп ризалық  сезіммен еске түсіріп отырады  екен.

  Қазақтың өзі қадірлеген  адамына ат мінгізуі , ат жектетуі  сый –құрметттің ең жоғары түрі болған. Абай да, Көкебай да талай адамнан ат мініп, талайларға ат мінгізген болар. Дегенмен өз тақымына басқан атын мінгізу ол екі адамның арасындағы сыйластықтың қандай екеніне дәлел болмақ.

  Абай елінің біздің елмен ғасырлар бойы қалыптасқан байланысы бұрынғы жылдардағыдан да нығая түспесе  бәсеңдеген жоқ. Ол байланыс желісін одан ары жалғай беру қазіргі ұрпақтың басты борышы. Ол борыштың ең абаройлысы –ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына ауданымыздың белсене араласуы болмақ. Тойдың уақыты да таяп қалды. Біздің аудан оған қандай үлес қосады, тарту –таралғысы не болмақ? Қазақтың жол -жоралғысы мен қазіргі жаналықты ұштастыра отырып не жасалады? Осының бәрін ерте бастан ойластырғанның да артықшылығы болмас деп ойлаймын.

   Мақаланың соңында ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай ғұлама жасушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына арнап қырқыншы жылдары «Социалистік қарқын» газетінің редакторы болған, марқұм жерлесіміз Кенжеғазы Қасымовтың жыр шумақтарын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдім.

  Дүниеде бір асыл  бар таңдайтұғын 

Мөлдірдей жүзіп ішсе қанбайтұғын.

Жасықтай жерде шіріп қалмайтұғын

Оқыдым «Абай жолы» романын

 Үлгісі өткен өмір  барлайтұғын.

Мазмұнын әрбір адам талдайтұғын.

Мұхтарға мұны жазған көп рахмет,

 Тарихта өткен өмір  аңдайтұған,

Жүрегін бүкіл халық жалғайтұғын.

Білімнің аспанға өрлеп шыңына шық

Бүркіттей желдей есіп самғайтұғын.

(Аталған өлеңді автор  елуінші жылдырдың басында «Абай  жолы» романын оқығаннан кейін  жазған екен)

1994жыл 

 

 


Информация о работе Абай мен Көкебай