Байланыс құрылғыларын электрмен қоректендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2017 в 08:10, лекция

Описание работы

Қазіргі ғылым мен техниканың жаға жетістіктерінің арқасында радиоэлектроника құралдары жылдам қарқынмен дамып келе жатыр.
Электрмен қамтамасыз ету көздері - радиотехникалық және электронды есептеу құралдарының құрамды бөлігі болып табылады. Телекоммуникация облысындағы инженерге, оның мамандандырылған түріне қарамастан радио электронды құралдарының РЭҚ күштік құрылғыларын таңдап қана қоймай жобалау да қажет.

Файлы: 1 файл

Лекция.docx

— 2.16 Мб (Скачать файл)

Акккумулятор батареясын тексеру

а) Электролит деңгейі,

б) Аккумулятор кернеуі,

в) Электролит тығыздығы;

1-шыны түтік,

2-вольтметрлі жүктеу  ашасы,

3-ареометр

2-таблица. Аккумулятор  батареясындағы электролит тығыздығы.

Климатты аудан

Жыл мезгілі

150С келтірілген электролит тығыздығы, г/см3

құйылатыны

Бірінші зарядтау аяғында

Батареяны разрядтау кезінде

25%-ке

50%-ке

Климаты күрт континентті Қыс 1,29 1,31 1,27 1,23

және қысқа температурасы – Жаз 1,25 1,27 1,23 1,19

400С-дан төмен аудандар Жыл

Температурасы қыста – бойына 1,27 1,29 1,25 1,21

400С-ға жететін солтүстік Жыл

аудандар бойына 1,25 1,27 1,23 1,19

Температурасы қыста – “ ” 1,23 1,25 1,21 1,17


Температура төменгі жағдайда электролиттің тығыздығы жоғары, ал температура көтерілген кезде төмен болуға тиіс.

Электорлиттің тығыздығын ареометрмен (1-сурет) тексереді.Аккумулятордың разрядталуына қараай, электролиттің тығыздығы кеми түседі.

Электролиттің деңгейі мен тығыздығын батареяның әр элементі сайын тексереді.Электролит деңгейі пластиналардың үстіңгі жиегінен 12-14 мм жоғары тұруы керек.

Электролит буланған кезде тазартылған су құю керек, өйткені тек су ғана буланады, ал электролит ағып кеткен кезде аккумуляторға күкірт қышқылының ерітіндісін қосады.Электролиттің тығыздығына қарай, аккумулятор батареясының зарядтану деңгейін анықтайды. Жүк түсірілген батареялардың зарядтану деңгейін қосылған кедергі кезінде жүк ашасы арқылы өте дәлдікпен анықтайды.Күш түсіру ашасының ұштарын кезегімен аккумулятордың 5с қысқышына тығыз етіп қысады және вольтметрдің көрсеткішіне қарайды. Толық зарядталған аккумулятордың кернеуі 1,7 В-дан төмен түспеуі керек.

Батареяның жекелеген аккумуляторлары кернеуінің айырмасы 0,1 В-дан аспауы тиіс. Егер айырмашылық осы мәнділіктен көп болсанемесе батарея жазда 50%- дан астам және қыста 25%-дан астам разрядталса , онда оны зарядтауға жіберу қажет. Батареяның бұзылмауы үшін оны ұзақ мерзім бойы жартылай зарядталған күйде қалдыруға болмайды.Пластиналардың бұзылуына жол бермес үшін стартерді ұзақ уақыт бойы және қатарынан бірнеше рет қосуға болмайды.

Камаз – 740 автомобиліне минус таңбалы батареяның өткізгіш штырын орнатқан кезде, ол “массаны” ажыратқыш арқылы “массаға” қосылады. “Масса” ажыратқышы кабинаға орналастырылған “масса” үлкен штокты қолмен немесе аяқпен басу арқылы қосылады. Осы кезде қозғалмалы және қозғалмайтын контактолар тұйықталады және үлкен штокты серіппемен жабатын тоқтатқыш пластинамен тұйық күйде тұра береді.

Аккумуляторлы батареяны электрлі тізбектен кіші штокпен бөліп тастайды. Егер кіші штокты басатын болсақ, тоқтатқыш пластина орын ауыстырады және үлкен штокты босатады, ал ол қозғалмалы контактымен бірге серіппенің әсерінен бастапқы ( ажыратылған ) қалыпқа келеді.

Камаз 740 автомобильдерінің қышқылды аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары мыналар: өздігінен жоғары разрядталуы, мерзімінен бұрын разрядтануы, аккумулятор ішінде қысқа тұйықталуы, пластиналардың сулфаттануы. Бұл ақаулар техникалық қызмет көрсету жұмысының нашар жүргізілуі нәтижесінде болады.

Егер тәулігіне шығын сыйымдылықтың 1%-нан асса, өздігінен разрядтану жоғары болып саналады.Өздігінен жоғары разрядтану электролитке лас түскенде және мастика мен бактың дымқыл бетімен тоқтың өтуі салдарынан болады. Өздігінен жоғары разрядтануды болдырмау үшін мастика мен қақпақтар бетінтаза шүберекпен әрдайым құрғатып сүртіп отыру керек.

Аккумулятордың біреуінің мерзіміненбұрын разрядтануы барлық батареялардың жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Ондай аккумуляторды кешеуілдеуіш деп атайды. Кешеуілдеуіш аккумуляторды толық разрядтағаннан кейін, аккумулятор батареясын одан әрі разрядтай берсек, онда ол қайта полюстенедіде, батарея қатардан тез шығып қалады.

Сеператордыңбұзылуы нәтижесінде аккумулятор ішінде қысқа тұйықталу пайда болады. Ең болмағанда бір ғана қысқа тұйықталған аккумуляторы бар батареяны одан әрі пайдалануға жарамайды. Разрядтанған аккумулятордан, сондай- ақ электролиттің төмендеген деңгейі кезінде қорғасын пластиналар сульфаттанады: оларда күкірт қышқылды қорғасынның (сульфаттың) кристалдар қабаты бөлінеді.Бұл қабат электролитте ерімейді және оның пластиналардың белсенді массасы ішіне өтуіне тосқауыл жасайды, ал мұның өзі кернеуді азайтады, пластиналардың кедергісін арттырады және аккумулятордың сыйымдылығын азайтады. Стартерді ұзақ уақыт пайдалану аккумуляторды тым разрядсыздандырып, сульфаттандыруын арттырады. Қатты сульфаттанған кезде пластиналар бұзылады. Қатты сульфаттанғанпластиналарды қалпына келтірмейді. Аккумуляторды зарядтаумен сақтауды арнаулы дайындықтан өткен адамдар жасайды. Қышқылмен күйіп қалмау үшін, аккумулятор батареяларынзарядтау кезінде көзілдірік пен респираторды қолдана отырып, қорғаныш киімін ( резеңке алжапқыш, қолғап, етік ) киіп істейді. Зарядтандыру бөлмесінде темекі тартуға тыйым салынады.

Қышқыл денеге түскен кезде зақымданған жерді алдымен сумен, сонан соң 10%-ды мүсәтір спиртінің ерітіндісімен жуу керек. 3. Техникалық күтім және жөндеу

 

 

Сұрақтар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция №5. 6

 

Тақырыбы: Айнымалы ток түзеткіші, тиристорлы басқарылатын түзеткіштер

Жоспары:

  1. Айнымалы ток түзеткіші
  2. Тиристорлы басқарылатын түзеткіштер

Түзеткіштің қарапайым схемасы бұл таза активті жүктемеге жұмыс істейтін бір фазалық схема болып табылады (3а-сурет). Ол қарапайым трансформатор мен вентильден (бұран) тұрады. Бұран ретінде көбінесе шалаөткізгішті кремний диоды пайдаланылады. Бұран деп симметриялы емес өткізгіштігі бар, тік токқа кедергісі аз, кері токқа кедергісі көп болатын құралды айтады.

Тізбекті айнымалы ток көзіне қосқанда диодты потенциалдар айырымы пайда болады. Айталық, алғашқы жарты периодта «а» нүктесіне оң потенциал, ал «б» нүктесіне теріс потенциал берілсін. Осы жарты период ішінде тізбекте тік ток, ал екінші жарты периодта кері ток жүреді. Кері ток шамасы өте аз болғандықтан, оны ескермеуге болады, сонда тізбекте бағыты бойынша тұрақты және шамасы бойынша айнымалы, яғни пульсациялайтын ток пайда болады. Тізбектегі кернеу мен токтың лездік мәндерінің өзгерісі 3б-суретте көрсетілген.

 

б)

3-сурет

 

Сонымен, диод периодтың жартысында ток өткізеді (кілт сияқты қосылған), ал екінші жартысында өткізбейді (кілт сияқты қосылмаған). Біржартыпериодты схемадағы шығыс былайшы анықталады:

                                                        (6)

Ал период бойынша орташа түзеткіш ток мынаған тең:

       (7)

Орташа түзетілген кернеу U0 және токтың тұрақты құраушысы келесі өрнекпен анықталады:

                                       (8)

Түзетілген кернеудің орташа мәнінің айнымалы кернеудің әсерлі мәніне қатынасы түзету коэффициенті деп аталады:

                                 (9)

яғни,

Диодқа әсер ететін кері кернеу қосалқы орамның амплитудалық мәніне тең:

 

                                          (10)

Пульсация коэффициенті жүктемедегі , бірінші гармоника амплитудасының кернеудің орташа мәніне қатынасы ретінде анықталады. Біржартыпериодты түзетудегі кернеу импульстары үшін жазылған өрнекті Фурье қатарына жіктесек, онда:

 

                                                                                        (11)

 

Қатардың бірінші мүшесі тұрақты құраушы  ( ), ал екінші -бірінші гармоника бойынша табылады. Олай болса,

                           (12)

 

Біржартыпериодты түзеткіш схемасының көпшілігі, оның пульсация коэффициентінің шамасының үлкен болуында. Сонымен қатар, трансформатордың екінші орамындағы ток тек бір бағытта ғана жүруі себепті; үнемі тұрақты магниттелу пайда болып тұрады, ал бұл трансформатордың өлшемі мен массасының үлкеюіне әкеліп соқтырады. 


 

а)

б)

4- сурет.

Сол себепті, түзеткіштің тиімділігін орнықтыру үшін екіжартылайпериодты схеманы пайдаланады. Біржартылайпериодтыдан айрмашылығы, мұнда диод және күрделі трансформатор пайдаланылады (4а-сурет).

Нәтижесінде жүктемедегі ток кіріс кернеудің екіжартылайпериодты кезеңдерінде де жүретін болады. Бірінші жартыпериодта «а» нүктесіндегі кернеу нөлдік шығысқа қатысты оң көзде VD1 диодты ашылады және Rж жүктеме арқылы i1=iж ток өтеді. Бұл жартыпериодта «б» жүктемеде кернеу теріс және VD2 диодты кері кернеуде жұмыс істейді, сондықтан да ол жабық. Екінші жартыпериодта «а» нүктесіндегі кернеу теріс, ал «б» нүктесіндегі –оң болады. Бұл жағдайда VD2 (iж=i1)   диодты ток өткізе бастайды, ал VD1 диоды кері кернеуде болады.  

Әрі қарай схемадағы процестер периодты түрде қайталанады, нәтижесінде iж тогы Rж жүктеме арқылы бір бағытта жүреді, оның орташа мәні 4.4б-суретте көрсетілген (ортаңғы график). Схемадағы диодтар токты жұп-жұбымен кезектесе өткізеді. Жабық диодқа қосылған кері кернеу қосалқы орамдардағы кернеулердің қосындысына тең. Мысалы, 0,5×Т... Т интервалда, VD2 диоды ашық кезде VD1 диодтың анодына U2 теріс кернеу, катодына Uобр = U2΄+ U2΄΄=2 U2 (сурет  4б-төменгі график), ал жабық диодтағы max-ды кері кернеу олардың амплитудаларының қосындысына тең. Екіжартыпериодты түзету кезінде түзе-          тілген кернеу ток мәндері келесі өрнектермен анықталады:

    

                                             (13)

 

Яғни, біржартылайпериодтағыға қарағанда 2 есе жоғары. Жүктемедегі кернеу пульсациялайтын болып табылады. Фурье қатарына жіктесек, онда:

     

                                                                                       (14)

Олай болса, екіжартыпериодты түзету кезінде пульсация коэффициенті мынаған тең болады:

 

                  (15)

 

Практикада   екіпериодты түзетукезіндегі пульсация коэффициентін анықтау үшін келесі формуланы

                                                                     (16)

пайдаланады, мұндағы m- түзету фазаларының саны. Бұндай жағдайда m=2 (2 қосалқы орам бар) және , бұл біржартыпериодты түзету кезіндегіден анағұрлым аз. Трансформатор да тиімді  пайдаланылады. Екіжартыпериодты схемада қосалқы орамдағы ток әрбір жартыпериодта қарсы бағыттарда жүреді, бұл теория жүзінде магниттелуді реттейді (жояды). Екіжартыпериодты түзетуді алу үшін көтерме схема (4б-сурет) да қолданылады, ол нөлдік шығысы бар түзеткіштен тиімдірек жасалады, себебі мұнда қарапайым трансформатор (қосалқы орамнан келетін нөлдік шығысы жоқ). Жалпы, көтерме схемада трансформатор жоқ болуы да мүмкін,сондықтан түзеткішті тікелей айнымалы ток көзіне қосуға болады.

Айтарлық, бастапқы температурада екінші орамның жоғарғы ұшында («а» белгісі) төменгі ұшымен («б») салыстырғанда оң потенциал бар болсын. Бұл жоғарыдағы схеманы ток VD2-Rж-VD4 тізбегі бойынша жүреді. Келесі жартыпериодта «б» белгісі «а» -мен салыстырғанда оң, олай болса ток VD3-R4-VD1 тізбегі бойымен жүреді. Токтың Rж жүктеме арқылы бағыты өзгермейді, ал қосалқы орам арқылы өзгереді. Көтерме схемада кернеудегі жартыпериодтың екеуі де пайдаланылған, ол екіжартыпериодта бірфазалық схема деп аталады. Ток пен кернеу осциллограммада 4.4б-суретте көрсетілген. Көтерме схемадағы max кері кернеу қосалқы орам мен жүктемедегі кернеудің амплитудалық мәндерінің қосындысына тең.

Бірақ кернеуде тізбектей жалғанған екі диодқа беріліп тұрғанын ескеру керек, олай болса кернеу теңдей екіге бөлінеді: жоғары біржартыпериодтағы схемаға қарағанда пульсация коэффициенті аз болады.

Бір фазалық тиристорлық түзеткіштер 
Бір фазалық басқарылатын түзеткіштер барлық типі үшін басқару бұрышы 0 тан 
180о диапазон аралығында өзгереді, бұл 0 – 20мс уақыт интервалына сәйкес келеді.

Жартылай басқарылатын тирсторлық түзеткіштер энергияны рекуперациялау 
режимі желіге қажет етпеген кезде қолданылады. Басқарылатын түзеткіш рекуперативті 
режимі деп жүктемеден қуат көзіне басқарылатын энергия берілісін қамтамасыз ететін 
режимді айтамыз.

Жартылай басқарылатын түзеткіш күш беретін бөлігінің схематехникалық шешімі 
сурет 4.4 көрсетілген.

Сурет 4.4 - Жартылай басқарылатын түзеткіш күш беретін бөлігінің схематехникалық 
шешімі, мұнда P<15кВт – Жүктеменің актив бөлігінде бөлінетін қуат, fп=2fc – 
Жүктемедегі пульсация жиілігі,желі жиілігі жөнінде

Информация о работе Байланыс құрылғыларын электрмен қоректендіру