Стереохимия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 19:00, реферат

Описание работы

Оқу әдістемелік кешенінде «Стереохимия » пәнінің оқу бағдарламасы құрастырылған, оның ішіне пәнді үйрену, меңгеру үшін қойылатын талаптар, курстың оқу жоспары, әдебиеттер тізімі, дәріс материалдары –тезистері, практикалық сабақтардың жоспары, студенттердің оқытушының қатысуымен орындалатын және өзіндік жұмыстары, оларды орындау һәм тапсыру графигі келтірілген. Оларға қосымша курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары, өзіндік бақылауға арналған тестілік тапсырмалар және емтихан сұрақтары енгізілген.

Файлы: 1 файл

СТЕРЕОХИМИЯ.docx

— 19.09 Кб (Скачать файл)

СТЕРЕОХИМИЯ 

 Оқу әдістемелік кешенінде «Стереохимия » пәнінің оқу бағдарламасы құрастырылған, оның ішіне пәнді үйрену, меңгеру үшін қойылатын талаптар, курстың оқу жоспары, әдебиеттер тізімі, дәріс материалдары –тезистері, практикалық сабақтардың жоспары, студенттердің оқытушының қатысуымен орындалатын және өзіндік жұмыстары, оларды орындау һәм тапсыру графигі келтірілген. Оларға қосымша курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары, өзіндік бақылауға арналған тестілік тапсырмалар және емтихан сұрақтары енгізілген. 

Пререквизиттері:

Стереохимияның теориялық негіздерін игеру орта мектептегі химия, математика және физика пәндерінің бағдарламалары, оған қоса ЖОО дағы органикалық, анорганикалық химия курстарының бағдарламалары бойынша алған білімдеріне байланысты. Одан басқа берілген курсты толық меңгеру үшін химиялық есептерді шешу және әдебиетпен жұмыс істей білу дағдылары керек.

Постреквизиттер :

Бұл курс бойынша алған білімдері органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы, молекулалардың конформациясы мен конфигурациясы, оптикалық белсенділіктері, физикалық химия, кванттық химия, кристаллды химия туралы білімдерін тереңдетуге, сонымен қатар қазіргі заманғы органикалық химияның арнайы бөлімдерін меңгеруге өте қажет.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Курста стереохимияның хиральдылық, конфигурация, конформация, ішкімолекулалық изомеризациялану, динамикалық стереохимия, асимметриялық синтезбен катализ сияқты басты да маңызды түсініктері қарастырылады.

Стереохимияны тек қана органикалық қосылыстарға ғана қатысты деуге болмайды. Көп жылдар бойы осы күнге дейін осылай қарастылып келгенді.

Соңғы кездегі оң өзгерістердің нәтижесінде металлоорганикалық және координациялық қосылыстардың стереохимиясы қарқындап дами бастады.

Стереохимияның әмбебап сипатының танылуы, оған деген қызығушылық туындауы және жоғарылауы оның математикалық ірге тасының мықтылығымен байланыстылығы құпия емес.

Математиканың абстрактылы салалары химияның теориялық тарауларында кең қолданыс табуда және жаңакезең химиясының соны концепцияларын терең түсінуге қажет. Теориялық стереохимияның мазмұнын құраушы проблемалалар шеңбері мен ауқымы әлі дәл анықталған жоқ.

Курста қазіргі стереохимияның қалыптасу һәм үлкен мәні бар хиральдылық, конформация және конфигурация сияқты іргелі түсініктерінің пайда болу жолдары қарастырылған.

«Конфигурация »  терминіне бұл күнде дәстүрлі түсінігінен басқа көзқарас қалыптасты, ал «конформация » термині мәні мен мазмұны жағынан ешқандай ірі өзгеріске ұшыраған жоқ.

Статикалық стереохимияның және конформациялық талдаудың теориялық негіздері баяндалады. Одан ары динамикалық стереохимияның теориялық тұғырларын қарастыруға көшеміз.

Рентгенқұрылымдық талдаудың электронграфия мен нейтронграфияның пайда болуы, есептеуші техника мен кванттық химия әдістерінің жетіліп дамуы молекула геометриясы мен оның реакцияға қабілеттілігі арасындағы байланысты ашуға мүмкіндік туғызды. Ядроның магниттік резонанс тәсілі химиялық кинетикамен және термодинамикамен астасып молекулалық жүйелердің ішкі конформациялық қозғалысын сандық деңгейде зерделеуге мүмкіндік береді.

Симметрия түсінігінің стереохимиядағы алатын орны ерекше. Бұл курста молекула симметриясы мен оның оптикалық белсенділік қасиеттерінің арасындағы тығыз тәуелділік те назардан тыс қалмады.

Мазмұнының тереңдігі мен кеңдігінің әмбаптығына сәйкес қазіргі кез стереохимиясы басқа ғылым салаларын біріктіре отырып, пәнаралық мәртебеге ие болды. Сондықтан ғылымның басқа салаларының да жетістіктерін пайдалана алады. Стереохимияның қарқынды дамуы органикалық химия мен координациялық химияның һәм биохимияның ірі табыстарға жетуіне оң ықпал етті.

Стереохимия қазіргі кезде кең ауқымды әртүрлі ғылыми–зерттеу тақырыптармен проблемалық сипаты бар мәселелерді және практикалық мәні зор бағыттарды біріктіре қамтып, жедел де тез табысты өсу мезгілін бастан кешіріп отыр. Осы күні химиялық түрленулердің стереохимиялық заңдылықтарын зерттеу органикалық реакциялардың механизмдерін анықтауға мүмкіндік беруде.

Информация о работе Стереохимия