Мұнай өнімдерінің қышқылдық санын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2012 в 11:35, реферат

Описание работы

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: конус тәрізді колбалар, кері тоңазытқыш, электроплитка, бюреткалар, нитрозинді сары немесе 6Б көгілдір сілтілік индикаторы, 0,05 н калий гидроксиді, мұнай өнімі.
Жұмыстың барысы: Конус тәрізді колбаға 0,01 г дәлдікпен өлшенген 8-10 г май өнімін салады. Ал екінші колбаға 50 мл 96%-тік этил спиртін құйып, кері тоңазытқышы бар тығынмен жауып, 5 мин қайнатады. Қайнау кезінде спиртте еріген көмірқышқылы жойылады. Қайнаған спиртті ыстық күйінде үнемі араластыра отырып, 4,5 тамшы индикаторды қосып, 0,05 н спирттік калий гидроксиді ерітіндісімен қызғылт түс пайда болғанша бейтараптайды.