Банк жүйесінің мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 19:17, курсовая работа

Описание работы

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.

Файлы: 1 файл

novy_kurs_rabota_madina.doc

— 214.00 Кб (Скачать файл)

«Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығының бірінші бабына сәйкес банк – бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын, заңды тұлға”.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен).

Операцияларының турлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

Аумақтық белгісіне қарай:

  • халықаралық;
  • мемлекетаралық
  • ұлттық;
  • аймақтық;

Салалық белгісіне қарай:

  • өнеркәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауыл шаруашылық банктері;
  • құрылыс банктері;
  • басқа.

Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз;
  • кеп филиалды.

Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабы бойынша қызмет көрсету – бұл «банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.

Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:

  • заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
  • банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;
  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен байланысты тапсырмаларын орындау;
  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
  • қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операциялары операцияларын жүргізу;
  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
  • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді);
  • төлем карточкаларын шығару;
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндетемелерді беру;
  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру.

Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету,клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету.

Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк – уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.

Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық – делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Активті операциялар  – табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

 Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын кұру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.

Пассив операцияларына мыналар жатады:

  • салым кабылдау (депозиттер);
  • клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент – банктерге) ашу және оларды жүргізу;
  • өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
  • банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
  • репо операциялары;
  • еуровалюталық несие алу.

Пассивтер – бір мерзімге алынған немесе шақырылған құралдар бойынша кәсіп орынның міндеттемелері, оларға кәсіп орын қарызы да кіреді. Коммерциялық банк үшін басқа да коммерциялық құрылымдар сияқты, пассивтер қажет ресурстар ауданы мен масштабын көрсететін кәсіпкерліктің ядросы болып табылады.

Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған каражаттардан кұрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық кор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі аз мөлшерін бекітеді. Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және

жетілдіру жолдары

 

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға несие беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.Әлемдік қаржы дағдарысы барлық салаларды қамти отырып, еліміздегі ең маңызды секторлардың бірі болып табылатын банк секторына әсер етті. Нәтижесінде Қаржы дағдарысы кезінде банктер құлдырады. Осы құлдырауға әлемдік қаржы дағдарысының әсері мен себептеріне тоқталып кететін болсақ.Дағдарыс қарсаңында нарықтарда оптимист атмосфера бар еді. Жылжымайтын құндылықтардың құны артып отыр еді. Мұнай бағасы да артқан талап аясында артып отырды. Шілде айында мұнайдың бареліның бағасы 147 долларға жетті. Мұнай бағасының артуы және құрғақшылық салдарынан азық-түлік материалдарының бағасы артты, дағдарысқа айналды. АҚШ-та тұрғын үй бағалары жоғарыландықтан, банктер осы салада несие беріп, табыс табуды жоспарлаған болатын. Төлем күштері төмен тұтынушылар да осы несиелерден пайдаланған еді. Несие көмегімен үй алғандар тұрғын үй құнының арты нәтижесінде, тұрғын үйдің қосымша бағасын кепіл ретінде көрсетіп, жаңа несие алып жүрді. Мысалы, он мың долларлық бір үй толығымен несиемен алынған болса, үйдің құны елу пайыз көбейсе, үйдің бағасы он бес мың болады, осылайша тұтынушы қосымша бес мың доллар кепіл ретінде көрсетіп, жаңа несие алу мүмкіндігіне ие болатын. Несие ашқан банктер несиелердің кері төленуін күтпестен, ипотекадағы тұрғын үйлердің құнын көрсетіп, нарыққа акция шығарып, нарықтан жаңа материал табуда және жаңа несиелер ашуда. Сатып алынған осы акциялар да тұтынушыларға қор ретінде сатылып жатты. АҚШ-та тұрғын үй бағасы төмендей бастағанда, төлем күші аз тұтынушылар төлеуде қиыншылық шеге бастады, несиелері кері төленбеген үйлерді банктер қайтып алды. Алынған үйлер банктерге ақшалай кері оралуы үшін сатыла басталды, осылайша ұсыныста үй көп болғандықтан, баға одан сайын арзандады. Тұрғын үй бағасындағы арзандау тұрғын үйге байланысты акциялардың құнсыздануына жол ашты. Бұл жағдай аталмыш акцияларды сатып алған қаржы мекемелерін қиыншылыққа итермеледі. Есепшот иелеріне қарсы төлем жауапкершіліктері өзгермесе де банктердің болмыстары құнсызданғандықтан капитал жетіспеушілігі басталды.

Банктер қалған қаржы мекемелерінен қарыз алып, кемшіліктерін толтыруы керек еді, алайда жағдай қауіпті әрі бұлыңғыр болғандықтан, қарыздану қымбатқа түсті. Осы жағдайда банктер жаңа несие ашуға жылы қарамай, қаржы жүйесі тарылды. Осы жағдай қаржы жүйесінде сенімсіздік атмосферасын қалыптастырды және банктер банкрот бола бастады. Қаржы дағдарысы іс жүзіндегі салаға да әсер ете бастаған болатын. АҚШ-та басталған дағдарыс барша әлемге әсер етті. АҚШ кейбір банктерді өз қолына алды, Ирландия да банктерге мемлекеттік кепілді қамдады. Кейбір елдер қолдау пакеттерін іске қосты, қиын жағдайындағы банктерге капитал да берді. Әлемдік қаржы дағдарысы әсерінен зардап шеккен еліміздің банк жүйесі мен банк секторын тұрақтандырудағы Қазақстанда атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталсақ. 2009 жыл бойы Қазақстанның қаржы секторы əлем нарықтарындағы тұрақсыздықтың сақталуына байланысты күрделі жағдайда жұмыс істеуіне мəжбүр болды. 2009 жылдың қорытындысы 2009 жылы қаржы секторының тұрақтылығын айқындайтын факторлар кешенін, оның ішінде экономикалық дамудың бəсеңдеуі жəне Қазақстандағы ішкі сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ қаржы жүйесін қаржыландырудың дəстүрлі көздерінің шектеулі болуы жағдайында клиенттердің сенімін сақтау маңыздылығы негізгі тəуекелдер болып табылады деген бағалауы барабар болғанын дəлелдеді. Кредиттік тəуекелдің жоғары деңгейі жəне кредиттік портфель сапасының төмендеуі қазақстандық банк жүйесінің əлсіз жақтары болып табылады. Кредиттік портфель сапасының төмендеуіне қатысты бағалау күтілген болжам болатын. Мысалы, еліміздегі іскерлік белсенділіктің бəсеңдеуі жəне жүргізілген ұлттық валюта девальвациясының аясында банк жүйесіндегі жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі 2009 жылы 4,5 есе өсіп, 3 519,6 млрд. теңгеге жетті, бұл біріктірілген несиелік портфельдің 36,5% құрады. Бұл ретте заемдар бойынша провиязиялар (резервтер) мөлшері ағымдағы жыл басында 3 635,3 млрд. теңге немесе кредиттік портфельдің 37,7% құрады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған провизиялар мен жұмыс істемейтін кредиттерді жабу деңгейі 1,03 құрады. Қазақстан банктерінің кредиттік портфелінің сапасы экономиканың барлық салалары бойынша нашарлады. Бұл ретте жұмыс істемейтін кредиттердің басым бөлігі өз міндеттемелерін қайта құрылымдайтын екі банкке келеді – БТА мен Альянсқа. Жоғарыда аталған екі банкті қоспағанда жұмыс істемейтін кредиттердің жəне қалыптастырылған провизиялардың үлесі бұдан төмен деңгейде қалыптасты, тиісінше 17,9% жəне 19,6%. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетел валютасында берілген заемдар жиынтық несиелік портфельдің 57,2% немесе 5 516,6 млрд. теңге құрады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары  Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды. Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады. Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

1. Қаржы секторын тұрақтандыру-4 млрд. АҚШ доллары (480 млрд. теңге);

2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы  проблемаларды шешу- 3 млрд. АҚШ доллары (360 млрд. теңге);

3. Шағын және орта бизнесті  қолдау-1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);

4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту-1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);

5. Инновациялық, индустриялық және  инфрақұрылымдық жобаларды іске  асыру-1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);

Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда,  шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.Мемлекеттің мақсаты – жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдаукөрсетеді.Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымдағы жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделері барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктерді қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады. 
Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35,6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыған байланысты банк секторында залалдардың едәуір көлемі әлеуетті жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын қабылдауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.

Информация о работе Банк жүйесінің мәні мен мазмұны