Жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 19:03, реферат

Описание работы

Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің, жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады.

Файлы: 1 файл

Жүйке жүйесі.doc

— 4.72 Мб (Скачать файл)

2. эпиневрий

3. эндоневрий

4. қан тамырлары

 

 

 

БАС МИЫ МЕН ЖҰЛЫННЫҢ ҚАБЫҚШАЛАРЫ

 

Бас миы мен жұлынды сыртынан үш қабықша жауып тұрады: жұмсақ, торлы және қатты. Жұмсақ қабықша мидың затын жауып жатады, екеуінің арасында тек шеткері глиальды мембрана ғана бар. Қабықшаның құрамында миға қоректік заттарды жеткізіп отыратын қан тамырлары, сонымен қатар жүйкелік талшықтар, жүйкелік аяқтамалар және жеке орналасқан жүйкелік жасушалар анықталады. Торлы қабықша борпылдақ дәнекер тіннің өте нәзік қабаты болып табылады. Торлы қабықша мен мидың жұмсақ қабықшаларының арасында торлы қабықасты (субарахноидальдық) кеңістігі орналасқан. Кеңістік ми қарыншаларымен байланысады, ішінде цереброспинальдық сұйықтық болады. Қатты ми қабықшасы тығыз талшықты дәнекер тіннен құралған, оның құрамында эластикалық талшықтар мол болады. Бассүйек ішінде ол сүйек үсті қабығымен тығыз бірігеді. Жұлын каналында қатты қабықша омыртқалардың периостілерінен қуысы борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінмен толтырылған эпидуральдық кеңістікпен бөлінген. Бұл қатты қабықшаға аздап қозғалуға мүмкіндік береді. Субдуральды кеңістікте аз мөлшерде сұйықтық болады.

 

ЖҰЛЫН

 

Жұлын омыртқа бағанының ішіндегі каналда орналасқан жуан арқан тәрізді болып келеді. Ұзындығы ер адамдарда шамамен 45 сантиметрге, әйелдерде 41 - 42 сантиметрге жетеді. Жуандығы ұзына бойына әртүрлі. Мойын және бел аймақтарында қол мен аяқтарға қарай шығатын жүйкелерге байланысты оның жуандаған аймақтары болады. Жұлынның алдыңғы, артқы және бүйірлік бөліктерін ажыратады. Әрбір омыртқа деңгейінде жұлын сегменттерге бөлінеді. Жұлын барлығы 31 сегменттерден тұрады. Сегмент жұлынның құрылымдық - қызметтік бірлігі болып есептеледі. Бір сегмент деңгейінде кейбір рефлекторлық доғалар іске асырылады.

Жұлынның көлденең кесіндісінде оның ақ және сұр заттарын ажыратады. Сұр зат ақ заттың ортасында орнасып, «Н» әрпіне немесе қанатын жайған көбелекке ұқсас болып келеді. Олар көлденең кесіндіде алдыңғы, артқы және бүйірлік мүйіздерді құрайды (5сурет).

Ақ затта үш жұп бағандарды ажыратады: артқы – артқы тосқауылмен артқы мүйіздердің арасында; бүйірлік – алдыңғы және артқы мүйіздердің арасында; алдыңғы – алдыңғы мүйіздермен алдыңғы саңылау арасында орналасады. Артқы тосқауыл мен алдыңғы саңылау жұлынды екі симметриялық бөлікке бөліп тұрады. Олар алдыңғы және артқы біріккен ақ зат арқылы қосылады.

Жұлынның ақ заты көбінесе миелінді және миелінсіз жүйке

5сурет. Жұлынның құрылысы

А. сұр зат

1. артқы мүйіз                             3. алдыңғы мүйіз

2. бүйірлік мүйіз                          Б. ақ зат

 

талшықтарынан және тіректік нейроглиялдық аппараттан құралады.

Жүйкелік талшықтар ақ заттың құрамында өткізу жолдарын түзейді. Бұл жолдар белгілі рефлекторлық доғалардың бөлігі болып табылады:

1. Жұлынның меншікті рефлекторлық аппаратының жолдары (проприоспинальды). Олар жұлынның интернейрондарының аксондарынан тұрып, қысқа және ұзын болып бөлінеді.

Проприоспинальды нейрондардың аксондары жұлынның ақ затына кіріп, жоғары өрлейтін және төмен кететін тармақтарға бөлініп, сұр заттың қасымен өтеді. Сұр затқа кіргеннен соң олар ендірме және моторлық нейрондарда синапстар құрайды.

2. Супраспинальдық өткізу жолдары жұлыннан шығып оны бас миының құрылымдарымен байланыстырады. Ол екіге бөлінеді: жоғары өрлейтін спиноцеребралдық және төмен кететін цереброспинальдық жолдар. Спиноцеребральдық өткізу жолдары сезімтал мәліметтерді денеден және ішкі мүшелерден бас миына әкеледі.

Цереброспиналды төмен кететін жолдар бас миын жұлынмен байланыстырады және орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінің жұлынның сегментарлық аппаратының жұмысын реттейді.

Цереброспинальды жолдар жұлынды бас миымен байланыстырып, орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің жұлынның сегментарлық аппаратын қадағалауын қамтамасыз етеді. Микроскопиялық тұрғыдан көршілес талшықтардың құрылысының бір-бірінен айырмашылықтары жоқ. Оларды анықтау және зерттеу экспериментальды кесу арқылы ғана іске асырылады. Жоғары өрлеуші (сезгіш) өткізу жолдарына нәзік буда (Голля жолы) және сына тәрізді жіпше (Бурдах жолы), дорзальдық латеральды жол, жұлын-мишықтық дорзальды жол (Флексиг жолы), жұлын-мишықтық вентральды жол (Говерс жолы), жұлын-таламустық дорзальды жол, жұлын-жамылғылық жол, жұлын-таламустық вентральды жол жатады. Төмен кететін (қимылдатқыш) өткізу жолдарына қыртыс-жұлындық латеральды (пирамидалық) жол, қызыл ядро-жұлындық (Манаков жолы) жол, кіреберіс-жұлындық дорзальды жол, оливо-жұлындық (Гельвег жолы) жол, тор-жұлындық жол, кіреберіс-жұлындық вентральдық жол, жамылғы-жұлындық жол, қыртыс-жұлындық (пирамидалық) жол жатқызылады. Төмен кететін цереброспинальдық жолдарды пирамидалық және экстрапирамидалық деп бөледі. Пирамидалық жүйені бас миының үлкен жарты шарларының пирамидалық жасушаларының аксондары түзейді. Пирамидалық жүйенің жүйкелік талшықтарының біраз бөлігі сопақша мидың, біраз бөлігі жұлынның деңгейінде қиылыстар құрайды, осының нәтижесінде латеральды және вентральды кортикоспинальды жолдар қалыптасады. Олардың терминальдары алдыңғы мүйіздің мотонейрондарында немесе артқы мүйіздің интернейрондарында синапстар түзейді. Пирамидалық жүйе қаңқалық бұлшық еттің қимыл-қозғалысының дәлдігін қадағалайды.

Экстрапирамидалық жүйе қаңқалық бұлшық еттің тонусын сақтауға, дененің тепе-теңдігін және кеңістіктегі жағдайын тұрақтандыруға қатысатын бұлшық еттердің жұмысын реттеуге жауапты. Оны денелері сопақша мидың және көпірдің ядроларында орналасқан нейрондардың аксондары құрайды. Аксондар алдыңғы мүйіздердің мотонейрондарында және артқы мүйіздердің ендірме нейрондарында аяқталады.

Жұлынның ақ затының вентральды бөлігінде филогенез барысында ертерек пайда болған талшықтар болады («ескі жұлын»), ал жұлынның дорзальды бөлігінде филогенетикалық тұрғыдан жасырақ талшықтар («жас жұлын») анықталады. Біріншілер үлкен сезімтал аймақтардан алынған мәліметтерді «жас жұлын» аймағымен салыстырғанда сәл баяулау жылдамдықпен бас миының сабау бөлігіне жеткізеді, ал екіншілері аз ғана сезім аймағынан (тактильді, бұлшық еттерден, буындардан келетін импульстер) шыққан мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен бас миының қыртысына апарады.

Жұлынның сұр заты мультиполярлық нейрондардан, миелінсіз, миелінді жүйкелік талшықтардан және нейроглиядан (эпендимоглиоциттер, олигодендроглиоциттер, плазмалық астроциттер, глиалдық макрофагтар) тұрады. Жұлынның нейрондарының арасы жүйкелік талшықтардан және глиоциттердің өсінділерінен түзеліп, нейропил деп аталады. Сұр заттың ортасында жұлынның орталық каналы орналасқан.

Адамның жұлынында орналасқан нейрондардың жалпы саны 13-14 миллиондай болады. Олардың үш пайызы қимылдатқыш, қалған тоқсан жеті пайызы сезімтал нейрондар болып табылады. Жұлынның барлық нейрондары жұлынның ішіндегі орналасуы мен құрылысына орай үшке бөлінеді:

1. Түбіршікті жасушаларға мотонейрондар және латералды аралық ядроның вегетативті нейрондары жатады. Олардың аксоны жұлыннан шығып оның алдыңғы түбіршіктерін құрайды.

2. Ішкі жасушалардың аксондары жұлынның сұр затының нейрондарында синапстар түзейді. Бұлар ассоциативті нейрондарға жатады.

3. Шоғырлы нейрондардың аксондары жұлынның ақ затына шығып, сол жерде шоғырлар түзейді.

Жұлын жасушаларын қызметтік тұрғыдан да үшке бөледі. Олар сезімтал, қимылдатқыш және ассоциативтік нейрондар.

Сезімтал нейрондар көбінесе жұлын түйіндерінде орныққан. Құрылысы жағынан олар жалған униполярлы болып келеді. Қимылдатқыш немесе мотонейрондар жұлынның көлемі жағынан ең үлкен жасушалары. Мотонейрондардың өзі альфа-мотонейрон және гамма-мотонейрон болып жіктеледі. Альфа-мотонейрон беттің бұлшық еттерінен басқа қаңқалық бұлшық еттермен байланыстар түзейді. Гамма-мотонейрон бірінші аталған қимылдатқыш жасушаның қызметін реттеуге қатысады. Ассоциативтік немесе ендірме нейрондар басқа жүйкелік жасушалармен синапстар құрап қозу мен тежелу үрдістерінің пайда болуын және көршілес жатқан сегменттердің байланыстарын қамтамасыз етеді.

Жұлынның сұр затының кейбір аймақтарының нейрондық, талшықтық және нейроглиялық құрамдары әртүрлі болады. Артқы мүйізде Лиссауэрдің шеткі аймағы, кеуекті қабаты, желатинозды субстанция, артқы мүйіздің меншікті ядросы, Кларктың дорзальды ядросы ажыратылады.

Лиссауэрдің шеткі аймағында жұлын ганглиінің жалған униполярлы нейрондарының аксондары артқы бағандар арқылы артқы мүйізге кіреді. Кеуекті заттың құрамында ұсақ шоғырлы жасушалар анықталады. Желатинозды субстанцияның ішінде жасушалар аз, ол негізінен нейроглиядан тұрып, тек аздаған шоғырлы жасушалары болады.

Жұлынның меншікті ядросы аксоны қарама-қарсы жаққа өтетін шоғырлы жасушалардан тұрады. Кларктың дорзальды ядросын аксондары сол орналасқан жағының бүйірлік бағанының ақ затына шығатын ірі нейрондар құрайды.

Бүйірлік мүйіздің жүйкелік жасушалары екі ядро құрайды: аралық медиалды және латералды. Аралық медиалдық ядрода аксондары вентралды өзі орналасқан жақтың жұлын-мишық жолының құрамына кіретін нейрондар анықталады. Латералды аралық ядро вегетативті жүйке жүйесінің орталығы болып табылады. Бұл жасушалардың аксондары жұлыннан соматикалық қимылдатқыш талшықтардың құрамында жұлынның алдыңғы түбіршігінен шығады да, кейінірек бөлектеніп, вегетативті ганглийлерге барады.

Жұлынның алдыңғы мүйізінің ядросы жұлынның ең ірі жасушаларынан тұрады. Жалпы саны екі-үш миллиондай. Олардың аксоны вентральдық түбіршіктің талшықтарының негізгі бөлігін құрайды. Сұр заттың вентральді мүйізінде моторлық жасушалардың екі тобы бар: латералды және медиалды. Медиалды топ кеуденің бұлшық еттерін, латералды топ – қол-аяқты жүйкелендіреді. Алдыңғы мүйіздің мотонейрондарын үшке бөледі: үлкен α-мотонейрон, кіші α-мотонейрон, γ-мотонейрон. Үлкен α-мотонейрондар қаңқалық бұлшық еттің тез жиырылуын камтамасыз етсе, кіші α-мотонейрондар олардың тонусын ұстауға қатысады.

Кейінгі кезде жұлынның сұр затын Б.Рексед бойынша он табақшаға (пластиналарға) бөледі. Бірінші табақшаға артқы мүйізді және Лиссауэр аймағын, екінші табақшаға оның артындағы табақшаны жатқызады. Артқы мүйізде барлығы I-V табақшаны ажыратады. VI табақша жұлынның тек қалыңдаған аймағында ғана анықталады. VII табақша алдыңғы және артқы мүйіздердің арасында, ал VIII және IX табақшалар алдыңғы мүйізде, X табақша орталық каналдың айналасында орналасады. Табақшалардың көбінде ішкі интернейрондар болады. VII табақшаның шеткі аймақтарында вегетативті ядро, IX-табақшада алдыңғы мүйіздің мотонейрондары анықталады.

Жұлын глиясы. Жұлынның каналы эпендимоглиямен қапталған (6сурет). Ол ликворды өндіруге қатысады. Эпендимоглиоциттің шетінен шыққан ұзын өсінді жұлынның ішімен өтіп, оның сыртқы глиалдық шекаралық мембранасын құрауға қатысады. Жұлынның негізгі глиясының түрлері: талшықты және плазмалық. Плазмалық глиоциттердің өсінділері сұр заттан борпылдақ талшықты дәнекер ұлпамен бірге шығып ақ затта глиалды-дәнекер тіндік тосқауылды және қан тамырларының сыртындағы шекаралық мембраналарды түзейді.

Олигодендроглиоциттер жүйке жасушаларының өсінділерінің сыртқы қабықшаларын құрайды. Микроглия глиалдық макрофагтардың қызметін атқарады.

Жұлынның атқаратын қызметтері:

1. Рефлекторлық қызметі сегментарлық моносинаптикалық доғалардың көмегімен іске асырылады. Рецептордан келген импульс жұлын ганглиінің жалған униполярлық нейронына әкелінеді. Одан импульс жұлынның алдыңғы мүйізінің мотонейрондарына алдыңғы түбіршік арқылы кіргізіледі.

Алдыңғы түбіршіктен шыққан импульс қаңқалық бұлшық етке жеткізіледі.

 

 

 

 

 

6 сурет. Жұлынның эпендималық глиясы

 

1. жұлынның орталық каналы

2. жұлынның сұр заты

3. эпендимоглиоциттер

4. эпендимоглиоциттердің өсінділері

 

 

Вегетативті рефлекстер полисинаптикалық болады, олардың өтуі артқы мүйіздің интернейрондарының және жұлының бүйірлік мүйізінің қатысуымен атқарылады.

2. Өткізгіштік. Жұлын шеткі аймақтарды бас миымен және бас миын шеткі аймақтармен байланыстырады.

3. Эндокриндік. Жергілікті реттеушілік қызмет атқаратын көптеген заттар өндіріледі.

 

БАС МИЫ

 

Бас миына бес бөлім жатады:

1).соңғы немесе үлкен ми (жартышарлар).

2).көру  төмпешігі, эпиталамус, гипоталамус  және төмпешік арты аймағы  кіретін аралық ми 

3).орта ми 

4).сопақша ми 

5)артқы ми (ми  көпірі және мишық).

 

БАС МИЫНЫҢ САБАУЫ

 

Бас миының сабауына: сопақша миды, ми көпірін, орталық миды, аралық миды, соңғы мидың базальды бөлігін жатқызады. Ми сабауы, жұлын сияқты, шеткі аймақтармен сезімтал және кимылдатқыш бас жүйкелерінің талшықтарының көмегімен байланысады және өзінің жеке ішкі аппараты болады. Бұлардан басқа, ми сабауында ми қыртысына бара жатқан және қыртыстан ми сабауына, жұлынға келетін импульстерді өткізетін ядролар болады.

Ми сабауы сұр және ақ заттан тұрады. Ақ затының құрылысы жұлынға ұксас, ол да жүйке талшықтарының шоғырынан құралып, жоғары өрлейтін және төмен кететін өткізу жолдарын түзейді.

Сұр заты қызметі бойынша қимылдатқыш, сезімтал және ассоциативті, құрылысы жағынан мультиполярлы нейрондардан тұрады.

Қимылдатқыш ядролар. Жұлынның алдыңғы мүйізінің ядролары сияқты эфферентті нейрондардан құралған. Олардың аксондары бастың соматикалық бұлшық еттерін жүйкелендіретін бас миы – жүйкелерінің қимылдатқыш талшықтарын береді. Ядролардың құрамына III, VII, IX, X жұп бас миы жүйкелерінің преганглионарлық нейрондары кіреді.

Информация о работе Жүйке жүйесі